Бала терезеден құламау үшін не істеу керек?
Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сонымен қатар терезеден құлау бойынша қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті келесі кеңестерді ұсынады:
-Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;
-Терезеге жиһаздарды жақын қоймау керек. Себебі балалар оларға мініп терезеге шығып кетуі мүмкін.
-Ешқашан москит торларға сенуге болмайды! Олар балаларды құлаудан сақтамайды!
-Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.
-Егер терезеден балаға кейбір нәрселер көрсеткіңіз келсе, баланы мықтап ұстап тұруыңыз керек. Себебі, олар тез қимылдауы мүмкін, қашанда қолдарыңыз құрғақ күйде болуы тиіс және балаларды киімнен ұстамаңыз.
-Егер дәл қазір бекітетін және қорғайтын құрылғы қондыратын мүмкіндік болмаған жағдайда терезенің тұтқасын алып тастау керек.