Атырауда дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын спортшылар көбейген (ФОТО)

IMG 20170908 WA0026 Жаңалықтар

Мақат ауданы әкімдігінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ғұмаровтың төрағалығымен өткен жиында алдымен аудан бойынша спортпен шұғылданатын жастар арасында дәстүрлі емес діни ағым идеясын ұстанатын тәрбиеленушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижелері және тұрғындардың, әсіресе жастардың бос уақыт және спорт инфрақұрылымының объектілеріне тегін негізде қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сатыбалды Батырова баяндама жасады.

IMG-20170908-WA0026

Баяндамашы аудандағы білім беру, спорт мектептеріндегі 13 спорттық зал болса, оларда 23 жаттықтырушы 806 оқушыны спорт түрлерін тәрбиелеп отырғанын мәлімдеді. Биылғы жылдың 8 айында бөлімнің ұйымдастыруымен 36 спорттық шара ұйымдастырылған.

IMG-20170908-WA0024

Елбасымыз спорттың бұқаралылығын арттыру мақсатында халықтың 30 пайызы спортқа бет бұруы қажеттігін тапсырған болатын. Ауданда бұл көрсеткіш 17 пайызды құрап отыр. Жиында жастардың командалық ойындарын көбейту, спорт жаттықтырушыларын қызметке тарту үшін штат бірліктерін ашу мәселелері айтылды. Командалық ойындар ұйымшылдыққа, ұжымдық татулыққа бастайтын болғандықтан, олардың жаттықтырушыларының да діни көзқарасы, сауаттылығы зор маңызға ие. Балалардың бос уақыттарын спортпен айналысуға жұмсау үшін бапкерлерінің тәрбиесі аса қажет. Оларды салауатты өмір салтын ұстануға үйретіп, спортпен шұғылдануға тарту – қоғам талабы. Сондықтан, ең алдымен бапкерлердің қоғамдық көзқарасын, тәрбие ұстанымын бақылауға алу қажеттігі ескертілді. Аудан жастарының споттық шараларда бәсекелестігін арттыру, спорт кешендерінің материалдық базасын, коммуналдық мәселелерін шешу де осы жиында қозғалды.

Аудан мешіттерінің қоғамдық қызметі және діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндама жасаған Мақат мұсылмандар мешітінің бас имамы, теолог Дәурен Құттыбаевтың баяндамасында ауданға теологтарды шақырып, кездесулер ұйымдастыру арқылы жамағаттың дініи сауаттылықтарын арттыру нәтижелерін саралады. ҚМДБ-на қарасты мешіттер болғандықтан, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес негізгі төрт бағытта жұмыс өрбу керек екендігін атап өткен теолог уағыз-насихатты күшейту, айына бір рет ақсақалдармен кездесіп, қоғамдағы келеңсіз оқиғаларды талқылау (мысалы, жаназа, садақа және т.б. ысрапшылдықтарға жол бермеу); жаназа өткізетін адам мен өту тәртібін реттеу бағытындағы жоспарларын баяндады.

IMG-20170908-WA0027

Кеңес мүшелері ұйғарымымен мектеп формасына қатысты ережелерді ескеру, екпе алудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру, теологтарымен бірлесіп, есепте тұрған теріс діни көзқарастағы тұлғалармен тұрақты жеке оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, өлім-жітім болған үйде (тойханаларда, асханаларда) қаделік ас беру тәртібін реттеу және ысырапшылдыққа жол бермеу, діни радикалды ұстанымдағы тұлғаларды райынан қайтару мақсатында нақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және нәтижелерін анықтау мақсатында жауапты мамандарға тапсырмалар берді.

Лена НҰРБАЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. коля

    Бес қайтара оқып шыксам да ишинен тақырыбына қатысты ештеңе коре алмадым. Терис агымды ұстанатын спортшылар туралы қай жерінде жазылған?? Такырыпты калай болса солай беретиндерин не Атырау газети? Оның устине Атырауда дейсиндер, Атырау емес Макат ауданы гой! Осындай отирик такырып коятындарына бирнеше рет жолыктым