Жарнама
Жаңалықтар

Байқаушының рөлі зор

«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы филиалы сайлау кезінде байқау жүргізу мақсатында құрылған болатын. Саяси додада байқаушы өкілдерінің рөлі маңызды. Сайлауды объективті түрде қадағалау және әділетті де таза өтуіне ықпалдасу – әрбір байқаушының басты міндеті.

Облыс көлемінде 250-ден аса байқаушы бар. Бұл сайлаудың әділ, ашық болуына атсалысуға ниет білдірген адамдардың тәуелсіз ерікті бірлестігі. Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  жастар, сарапшылар, қоғам белсенділер кіреді.   «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы қазан айының 27 жұлдызынан бастап іс-шаралар өткізді. Облыстағы байқаушыларға 12 оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сайлау уақытында байқаушылардың міндеттері мен құқықтарын білуі үшін арнайы байқаушы блокноттары үлестірілді.  Саяси науқан – әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, ол елiмiздiң көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды. Сайлау нәтижелеріне ел сенімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Атырау облысында 650 мыңдай тұрғын бар. Оның 400 мыңға жуығы 18 жастан асқан, яғни науқанға қатыса алатын адамдар. Ал, облыс бойынша 261 сайлау учаскесі болса, оның 250-і ашық учаске.

Дәурен Сейітқалиев,

«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы филиалының жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button