ЖЕДЕЛ СҰХБАТ: Атырауда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп отырғаны белгілі болды

nkok4 scaled Жаңалықтар

Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал ушығып, коронавирус жұқтырғандардың саны артуда. Қауіпті індеттің таралуын алдын алу үшін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шыққаны да белгілі. Ал, оның ерекшелігі неде? Санитарлық талаптар қаншалықты сақталуда? Біз осы және өзге де сауалдарды облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мәдениет Танауовқа жолдадық.

Симптомсыз жағдай басым

– Мәдениет Рашидұлы, өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал көрсеткіштері қандай?

– Атырау облысы қазір облыс CОVІD-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекцияның таралу көрсеткіші R-1 жоғары болуы себебінен (талапты көрсеткіш < 1) «қызыл аймаққа» енгізілді.

Былтыр 28 наурыз бен биылғы 25 қаңтар аралығында індетті жұқтырған 15 752 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 2 405,5-ті құрады. Бұл науқастардың басым бөлігінде инфекцияның ауру белгілері жоқ түрі тіркелген. Дәлірек айтқанда, 11 435 жағдай симптомсыз, қалғаны симптомды болып отыр. Қазір науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ал, індеттің ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

– «Теңіз» кенішіндегі жағдайды айтпағанда, Атырау қаласында ауру жұқтыру көрсеткіштері күшеюде. Бұған не себеп болды?

– Атырау қаласында ауру жұқтыру көрсеткіштерінің артуының бірден-бір себебі қаулыда көрсетілген талаптардың сақталмауы болып отыр. Тұрғындардың арасында сақтық шараларына әлі де бейжай қарайтындар көп. Бұл жағдайға облыс аумағындағы өндіріс орындары арасынан коронавирус жұқтырғандардың көбірек тіркелуі де себепші.

Шектеу уақытын бұзғандар

– Жыл басынан бері облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзған қанша дерек анықталды?

– Жыл басынан бері мобильді топтар 9000-нан астам нысанды тексерді. Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап 2 178 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 9 158 нысан қамтылды. Нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық т а л а п т а р д ы с а қ т ау ж ә н е карантиндік шектеулер бойы н ш а 6 9 з а ң б ұ зу ш ы л ы қ а н ы қ т а л д ы . О н ы ң і ш і н д е Атырау қаласында қызметіне тыйым салынған «Регионбет» лото клубы бірнеше мәрте келушілерді жасырын түрде қабылдаған. Сонымен қатар, «Лифт», «Solve» мейрамханасы, «Енді не істейміз?» лаундж бары, «Ада» дүкені, «Салам, бро бургер» кафесі шектеу уақытын бұзған. Сондайақ, Жылыой ауданы «Теңіз» вахталық қалашығында бетперде режимін сақтамаудың 38 дерегі және карантиндік т а л ап т ы б ұ з ғ а н 1 ж а ғ д а й анықталды.

Қазір мобильді топтардан және облыстық полиция департ аментінен түскен материалдарға сәйкес, тиісті заңдылықтар бойынша анықталған бұзушылықтар ү ш і н 5 0 1 0 9 8 5 т е ң г е көлемінде 58 айыппұл салынды. Қалған 11 материал тексеріліп жатыр.

– «Қызыл аймаққа» енгізілген өзге облыстар карантин талаптарын аса күшейтіп жатқан жоқ. Басқалармен салыстырғанда біздегі талаптардың, жаңа қаулының ерекшелігі неде?

– Облыста қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды е скере отырып, коронавирустық инфекцияның т а р а л у ы н б о л д ы р м а у мақсатында Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 22 қ а ң т а р д а н б а с т а п о бл ы с көлемінде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ш а р у а ш ы л ы қ ж ә н е ө з г е д е қ ы зм е т п е н , ха л ы қ т ы ң тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілді. Шектеу ісшараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық и н ф е к ц и я с ы н ы ң т а р а л у ы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Қазір көпшілік іс-шараларды, оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын басқосуларды өткізуге тыйым салынды. Барлық ойын-сауық нысандарының, банкет залдарының, аулаларды қоспағандағы ойын алаңдары, түнгі клубтардың, барлар, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатылды. Бұл топтың қатарында мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер, меншік нысанына қарамастан кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелері де бар. Бұдан басқа, мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметіне рұқсат жоқ.

Сондай-ақ, басты ерекшелік, халықтың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандарға жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер енгізілді. Мәселен, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі. Ал, халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Қызметтер Egov.kz, т е л е г р а м м – бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын-ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Сенбі және жексенбідегі жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты – сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Сақтыққа бейжай қарама!

– Жаңа қаулыда қоғамдық көліктердегі тәртіпті күшейту тапсырылған. Автобустар антисептикалық құралдармен қамтамасыз етіліп, соңғы аялдамаларда күнделікті дезинфекциялау жүргізілуі керек. Бұл талап қаншалықты орындалуда?

– Иә, бұл – міндетті түрде іске асырылуы қажет талап. Мұндай бақылауды қазір мобильді топтар ғана қадағалайды. Департаменттің құзырына жатпайды.

– Эпидемиологиялық ахуал бұдан әрі ушықса, карантин талаптары қатаңдатыла ма?

– Алдағы уақытта өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеңілдету неме се қатаңдату шаралары қабылданады. Тұрғындарды эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік және санитарлық-дезинфекциялық талаптарды мұқият сақтауға шақырамыз. Өйткені, бұл індет адам таңдамайды. Кәсіпкерлік нысандар және тұрғындар сақтық шараларына бейжай қараса, ахуалдың ушығып кететіні сөзсіз. Сондықтан, барлық санитарлық талапты қатаң сақтау маңызды.

Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз