Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында 12 жасар бала абайсызда суға құлап кетті

Құрманғазы ауданы Құрманғазы кентінен 38 км қашықтықтағы Сафон ауылдық округінің Сафон ауылында канал арқылы өту кезінде 2011 жылы туған баланың абайсызда суға құлап кетті.

«ТЖД күштері шақырту орнына жедел шықты. 2011 жылы туған бала «Сафон» жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде (жылқы малы) абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталып отыр.  

Іздестіру жұмыстары барысында сағат 15:30-да жергілікті тұрғындардың күшімен баланың  денесі табылып, туысқандарына берілді», — деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД (8 жеке құрам және 2 техника), АПБ (1 қызметкер және 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button