Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Бүгін Астанада Рахымжан Отарбаевтың «Бас» тарихи драмасы сахналанады

Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры бүгін Астана қаласындағы «Жастар» театрында жергілікті уақытпен сағат 11:00-де танымал жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың Махамбеттің қасіретін толғаған «Бас» тарихи драмасын сахналайды. Қоюшы режиссері – Жанат Телтаев, қоюшы суретшісі – Темірбек Мұхтаров.

IMG-20170910-WA0026

Өмірін халқының бостандығы үшін жұмсаған, елін, Отанын сүйген, патриот, от жалынды ақын басын оққа тіге жүріп: «Жау іздеген ерлердің басы қайда қалмаған?» деп жырлағанына ширек ғасырдай уақыт өтсе де, оның ерлікке, рухқа толы үні әлі жоғалған жоқ. Ол тұтас бір елдің қазынасы іспетті. Махамбеттің басынан айырылғаны – бүкіл бір елдің бассыз қалғанымен пара-пар, рухы өшкенімен тең. Осы тұрғыда қойылым – Махамбеттің басын ғана іздеп қоймай, көпшілікке жоғалған баспен бірге рухын да табуға, бей-бейнесін ғана емес, жадын да қалпына келтіруге дабыл қағады, ой салады.

Олай болса, ХІХ ғасырда қаралы Қаройда жендеттердің қоржынында кеткен, ХХ ғасырда Алматының тас подвалын 17 жыл күңіренткен ақын басы туралы қойылымды көруге шақырамыз!

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button