Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін, 26 мамыр күні ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жасалған келісім – өңір тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Медициналық орталықтың бұл бастамасы мен Меморандум алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететінін баяндады.  

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығы, өмір жасының ұзақтағы бірінші кезектегі мәселе екенін айтты. Өңірімізге бір сөзбен айтқанда, ғасырлық тарихы бар медициналық орталық келіп отыр. Бұл – әлемдегі барлық озық технологияны игеріп, оны елімізде іске асырып отырған орталық. Атырау халқы орталыққа барып ем іздеп шарлап жүрмеуі керек. Өңірімізде де сондай сападағы медицина тұрғындарға қолжетімді болуы керек. Міне осы мақсатта орталық мамандары облысымыздың дәрігерлеріне білімімен, жиған тәжірибесімен бөлісуде. Осы сәтті дұрыс пайдалана білуіміз керек. Бүгінгі меморандум аясында сол бағыттарда бірлесе жұмыс істейміз,– деді С.Шәпкенов.

Алдағы уақытта ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өңір тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтауды дамытуда басты бағыттарды айқындады. Бұл әрбір қазақстандық үшін озық технологиялар мен әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі. Осы тұста 35-тен астам ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының мамандары Атырау облысына сапары аясында тұрғындарға кеңес беріп, 26 ота жасады. Меморандум аясында бұл жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады,– деді А.Цой.

Айта кетейік, 23-26 мамыр күндері ҚР ПІБ Медициналық орталықтың 35 жетекші маманы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Атырау облысының тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button