Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Бүгін қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын тамашалай алады (ФОТО)

Бүгін ерекше астрономиялық құбылыс байқалады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ай тутылу

Ай тұтылу кезінде перигей нүктесіне жақын болады. Айдың көрінетін диаметрі шамамен 8%-ға артады және қызғылт түске боялады.

31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 15:48-ден 21:11-ге дейін Айдың тұтастай тұтылуы Ресейде байқалады. Сондай-ақ, бұл құбылыс Шығыс Еуропада, Шығыс Африкада, Азияда, Аустралияда, Тынық мұхиты мен Солтүстік Америкада көрінеді. Ай орбитадағы қозғалысы кезінде Жердің оңтүстік бөлігіндегі көлеңкесіне тұспа-тұс келеді. Жердің көлеңкесі Айдың көрінетін бетін толығымен торлап, оны қызғылт түске бояйды.

Ай тутылу 2

Айдың ерекше құбылысын Қазақстанда да байқауға болады,-дейді қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель.

«Айдың ерекше құбылысын жергілікті уақытпен сағат 20.08-ден бастап тамашалауға болады. Ол бір сағатқа, яғни 21.11-ге дейін жалғасады»,-деді астрофизик.

Ай тутылу 3

Айдың келесі тұтылуы 2018 жылдың 27 шілдесінде болады. Табиғаттың бұл құбылысы да Ресей мен ТМД-да жақсы байқалмақ.

Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button