Жаңа Қаратон кентінде көше жарығы жүргізілуде

screenshot 10 1 Жаңалықтар

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентінің 13 көшесіне 7,2 шақырым көше жарығын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған жұмыстарды «Элком» ЖШС жасап жатыр. Қазіргі таңда 13 көшеге 224 жарық бағанасы орнатылған.

– Бұрын бұл көшелерде жарық мүлдем болмаған. Қазіргі таңда трансформатор мен шамдар орнату, кабель тарту жұмыстары жасалуда. Мұнда 8 техника мен 12 қызметкер еңбек етуде. Жұмыстар шілде айына дейін аяқталады деп күтілуде,- деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.

Оның айтуынша, аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 48 миллион 800 мың теңге қаражат бөлінген.

Айта кетейік, Жылыой ауданында 85 мыңнан астам халық болса, Жаңа Қаратон кентінде 7 мыңнан астам тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз