ЖаңалықтарҚоғам
Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады
Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі ашылады. Оған еліміз бойынша 1500-ге жуық делегат қатыспақ.
Съездің басты мақсаты – «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау.
Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ.
Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.
Айта кетейік, съезге Атырау облысынан 40 делегат қатысуда.