ҮЙ АУЛАСЫНАН ҚОРАПҚА САЛЫНҒАН СӘБИ ТАБЫЛДЫ

mladenec v korobke 26237092 Қоғам

Қарағандыда белгісіз біреу үй ауласына жаңа туған сәбиді қорапқа салып, тастап кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

15 шілдеде сағат 21.00-де Қарағандының орталық Полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің біріне көпқабатты үй ауласынан табылған жаңа туған сәби (ұл бала) жеткізілгені хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. «21 жастағы куәгер кешке үйдің кіреберісінен шығып, орындықтың маңынан көрпеге оралған сәби салынған қағаз қорапты көрген. Қыз оны қолына алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге апарған. Дәрігерлердің айтуынша, сәби шамамен екі сағат бұрын үйде дүниеге келген. Бала шала туған, ауыр халде. Қазір ол перинаталды орталықта, дәрігерлердің бақылауында», – деді полицейлер. Полицейлер баланың анасын – 23 жастағы облыс тұрғынын ұстаған. Бұл дерек полицияда тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз