Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады.

555

Ораза тұту — игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Ораза қандай жағдайда бұзылады?

Таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта жеу, ішу, жақын қатынаста болу.

Дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау және темекі тарту.

Әдейі құсу, әрі ауыз толы құсықты жұту.

Ораза қандай жағдайда бұзылмайды?

Ұмытып ішіп-жеу, қан алдыру, ауыз, мұрынды шаю, шомылу, төбеден су құйынып жуыну, бой дәретсіз таң аттыру, еріксіз құсу, көзге сүрме жағу, еріксіз тамағына түтін, тозаң, шыбын кіру, түкірік  жұту, тістің арасындағы бұршақтан кішкене нәрсені жұту.

  • Оразаға ниет: Алла Тағала үшін қасиетті Рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.
  • Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла, менің алдыңғы және кейінгі күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

 Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button