Ресейде бала емізетін әйелдерге «Спутник V» вакцинасы салынуы мүмкін

1 5 Жаңалықтар

Бұл ананың ғана емес, сәбидің денсаулығын қорғауға жасалған маңызды қадам, дейді Гамалея орталығының басшысы.

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы жасалған Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі осы препаратпен емізулі баласы бар әйелдерді вакциналау мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

«Бұл аналардың ғана емес, сәбилердің денсаулығын қорғауға жасалған маңызды қадам. Өйткені алты айға дейін сәбилер ана сүті мен ондағы антиденелерден басқа ештеңемен қорғалмаған», – деп келтірді Гинцбургтің сөзін Қарағанды фармацевтикалық кешенінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Гамалея басшысы министрлік вакцина жасаушылар тарапынан жіберілген құжаттарды қарастыру үстінде екенін атап өтті.

Ғалымның айтуынша, вакциналау сәби өмірі үшін өте маңызды. Өйткені олар үшін өмірінің алғашқы айларында қауіпті вирус жұқтырудың салдары ауыр, тіпті қайғылы болуы да мүмкін.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның қауіпсіздігі дәлелденген клиникалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, «Спутник V» препаратының жүкті әйелдерге қатысты қарсы көрсетілімін алып тастаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз