Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Әзімбай Ғали: «Сайлау — ЕҚЫҰ стандарттарына сай өтуі тиіс»

  Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Cаясаттанушы Әзімбай Ғали Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының тағайындалуын сайлауда жеңіске жетудің оперативті жолы деп бағалады.

«Сайлау уақытын неғұрлым жедел тағайындау – міндетті элементтің бірі. Меніңше, бұл сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жететін толық мүмкіндігі бар. Бастысы, сайлау Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының стандарттарына сай өтуі тиіс. Сайлау максималды түрде демократиялық сипатта өтуі үшін, бұл саяси додаға оппозиция қатысуы керек.

Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен абыройға ие. Саяси сахнада да оның еш кінәраты жоқ. Тым жас та емес. Кемеліне келген шақта отыр десек те болады. Білімі, парасаты да жоғары. Мұндай жағдайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың триумфалды жеңіске жететін мүмкіндігі бар. Егер, ол сайлаудың бірінші турында емес, екінші турына өтіп барып, жеңіске жетсе, бұл сайлаудың әділ  әрі ашық болғандығын дәлелдейді. Мұндай шынайылықты Батыс әлемі де қолдайды.

1545187959 article b

Ендігі кезекте еліміздің экономикалық жағдайына көбірек назар аударуымыз қажет. Себебі, соңғы кездердегі экономикадағы өсім аса бір «ура» дейтіндей деңгейде емес. Қазақстанға құқықтық-саяси реформалар керек-ақ. Инвесторларға мейілінше қолайлы жағдай жасалуы қажет. Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару жүйесін дамыта түсу керек» деп атап өтті саясаттанушы Әзімбай Ғали  Atr.kz-ге берген сұхбатында.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button