«Nur Otan»: мақсат – айқын, міндет – зор

1587920316 v695 c90aaf86 750x422 1 Жаңалықтар

Қоғамның шынайы келбетін қалыптастыратын және Елбасының саяси бағдарын жүзеге асыруды қаматамасыз ететін «Nur Otan» партиясының бүгінгі таңдағы мәнін айқындап, маңызын бағамдау үшін республикалық басылымдар мен медиаресурстарда жарық көрген сарапшылар пікірлерінің топтамасын ұсынғанды жөн көрдік.

«Nur Otan» хатшысы Арман Қырықбаев атап өткеніндей, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай жұмысшы тобы Үкіметпен бірге екі ай ішінде, бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендтерді ескере, қоғамның сұраныстарын назарға ала отырып, сайлауалды бағдарламаны жан-жақты пысықтаған болатын. Егер бағдарламаның бастапқы жобасы салалық сипатқа ие болса,  пысықталғаннан кейін бесжылдық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтыла түсті. Бұл ретте «Nur Otan» партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына және халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттеріне негізделген.

Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы пандемиядан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан ауқымды бола түскен. Сонымен бірге ол «Nur Otan» партиясының жалпы республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізген праймеризін жоғары бағалады. Праймериздің арқасында азаматтардың өзекті ұсыныстары мен өтініштері жиналып, бағдарлама жобасына енген.

Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.

– Бұл бағдарлама партияның дағдарыс жағдайына жедел ден қоя отырып, уақытпен қатар қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Өткен праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Партияға жаңа мүшелер, оның ішінде өз саласының танымал тұлғалар кірді. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді, – деп атап өтті ол.

Тағы бір сарапшы, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев алдағы сайлаудың ерекше жағдайда өтетінін айтады. «Бәріміз де жаңғыру жолымен келе жатырмыз. Бұл тұрғыда Беларусь пен Қырғыз Республикасындағы оқиғалар жарқын мысал бола алады. Әсіресе Қырғыз Республикасында қанша төңкеріс болғанын ұмытып та қалдық. Осы ретте ондағы өзгерістердің оң нәтиже бере қоймайтыны да байқалды. Біз жаңа саяси дәстүрді қалыптастырып жатырмыз. Егер оны орайлы ұстана білсек, ұзақмерзімді саяси дәстүрдің негізін қалауға болады. Бұл өзгерістерге біреудің көңілі толмауы мүмкін, біреуі қарқынына сын айтуы ықтимал. Бірақ тіпті бір адамның тағдыры турасында да жеңіл оймен шешім қабылдамау керек. Елімізде қазіргі таңда партиялық алаңның эволюциясын айқын байқауға болады. Бұрын біздегі партиялардың бәрі де көшбасшылар партиясы болатын. Шынтуайтында партия көшбасшылары өзара бәсекелесіп, Тұңғыш Президент басымдыққа ие болып келді» дейді ол.

Ал, танымал саясаттанушы Расул Жұмалы сайлаудың жаңашылдығы көп екенін алға тартады. «Қазір бәріміз қызықты да маңызды кезеңнің алдында тұрмыз. Сайлауға бір айдан аз уақыт қалды. Бұл сайлаудың бірталай жаңашылдығы бар. Ескі дәстүрлердің де сақталуын, оның ішінде келеңсіз тәжірибелердің қайталануын байқап отырмыз. Жаңашылдыққа келсек, сайлау көп жылдан кейін өзінің заңмен белгіленген кезеңінде өтіп отыр. Меніңше, бұл – игі әрі жақсы жаңалық. Бұған дейін президенттік болсын, парламенттік болсын сайлаулардың барлығы түрлі себептермен кезектен тыс өтетін. Біресе дағдарысты желеу етіп, біресе ауқымды жобаларды алға тарта отырып сайлаудың мерзімі өзгеретін. Меніңше, бұл фактор – өркениеттіліктің, мемлекеттің, биліктің өз заңдарын құрметтей білуінің көрсеткіші.

Парламенттің оппозиция ұғымының енгізіліп отырғаны, сол оппозицияның қуыршақ емес нақты болуы – біздің елімізге ауадай қажет. Қазір саяси алаңдағы партиялар қаншалықты бүкіл қоғамның мүддесін, наразылығын білдіріп отыр? Бұл тақырыпта пікірталас құруға болады. Менің ойымша, жақын арада жаңа бір саяси ойыншылардың, топтардың пайда болуы өте маңызды. Билік органдары оған барынша мүмкіндік жасауы керек» дейді ол.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз