Жарнама
Жаңалықтар

Қажетсіз құжат сұрату – жемқорлыққа жол ашатын әрекет

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен жиында өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы талқыланды. Онда облыстық прокуратура, мемлекеттік органдардың,  халыққа қызмет көрсету орталықтарының  басшылары мен жауапты мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастығы өкілдері бас қосып, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа стандарттары – сыбайлас жемқорлықты азайту кепілі» тақырыбында ой-пікірлерін ортаға салды.

«Дөңгелек үстелді» ашқан департамент басшысының орынбасары А.Жаншабай шара мақсатын түсіндірді. Сонымен қатар, қызметтің мұндай түрлеріне монополистік көзқарас сыбайлас жемқорлық фактілеріне себепші болатындығын айтты.

Көптеген мемлекеттік органдарда әлі күнге дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет алу үшін қолайлы жағдайлар жасалмаған. Бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектелген азаматтарға үлкен кедергі және құқықтарының шектелуіне әкеліп соғады.  Сонымен қатар, мекемелер тарапынан артық құжаттарды сұрату немесе қабылдау фактілері де кездескен екен. Бұл туралы  департаменттің бас маманы  Ғ.Кенженов баяндады. «Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижелері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында орын алатын  құқықбұзушылықтардың негізгі себебі – халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігі төмендігін, сондай-ақ, араларындағы қарым-қатынастың жоқтығын көрсетті. Ағымдағы жылы тексеріс барысында 100 мыңға жуық құжат зерделенген болса, соның 60 пайызға жуығы аталмыш мекеме арқылы қабылданған. Ол құжаттардың ішінде ең көп кездесетін заңбұзушылықтың түрі, ол – стандартпен көзделмеген құжаттарды сұрату не құжаттар топтамасы толық болмаса да өтініштерді қабылдау» — дейді ол.

Атырау облысы өткен жылы мемлекеттік органдарды және  әкімдіктерді жыл сайынғы бағалау шеңберіндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша бағалау қорытындысы негізінде соңғы орын алған. Осыны ескерткен департаменттің бас маманы мұндай көрсеткішті мемлекеттік органдар және мекемелер қызметкерлерінің  көрсетілетін қызметтер саласындағы біліктілігінің төмендігімен байланыстырды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тоғыз айы бойынша 19 мемлекеттік органда тексеріс жұмыстары жүргізіліп, барлығы 40 мыңнан астам заңбұзушылық фактілері анықталған. Білгеніміздей, облыста шешімін таппай отырған бір мәселе – «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметі.  Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығына сәйкес аталған мемлекеттік қызметті көрсету барысында әкімдік тиісті техникалық шарттарды алу үшін халықтың өтінішін инженерлiк және коммуналдық қызмет көрсетушiлерге жібереді. Алайда, коммуналдық қызмет көрсетушiлер, атап айтқанда, «Атырау Жарық» мекемесі тарапынан тиісті келісім берілмей, созбалайды. Жиынға арнайы шақырылған «Атырау Жарық» мекемесінің вице-президенті П.Орынбаев алдағы уақытта бұл мәселені біріге отырып, заң талаптарына сай шешілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің атқарылған жұмыстары, жетістіктері және қызметтерін атқару барысында туындаған проблемалық мәселелері туралы осы мекеме директоры  Т.Нұржанов баяндады.

Рита Өтеуғали

Related Articles

One Comment

  1. Бірде жер алу үшін арыз жазып, тапсыру мақсатында ХҚКО жолым түсті. Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжі жанындағы Атырау қалалық бөлімге жіберді. Сызба алуым қажет екен. Барғанымда сол жердің қызметкерлері жанағы сызбаны беретін адамның түскі асқа кетіп қалған айтты. 14.00-ге дейін күтіп отыруға тура келді. СОндағы бір ет қағаз, столының үстінде толып жатыр. Соны жанағы қызметкерді күтпей, жанындағыдар қолыма ұстата қойғанда, бар жұмысымды түсқайтаға қалдырмас едім. Қазіргі мемлекеттік қызметшінің түрі осы. Ең бастысы, адамдық деген болу керек қой. Тіпті жеке куәлігіме қарамастан бере салды. Заңға қайшылық деген осы емес пе? Немесе сол сызбаны неге ХҚКО-да болмайды, босқа жүгіртпей адамды. «Бір терезе» қағидатының мақсаты — жұртшылықтың жұмысын жеңілдету, әруе-сарсаңға салмау, босқа жүгіртпеу емес пе еді?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button