Жаңалықтар

Ажар Ғиният Атырау өңірінде халықпен және азаматтық қоғаммен кездесу өткізді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысына жұмыс сапары шеңберінде 150 төсекке арналған облыстық кардиологиялық орталыққа барды, онда бүгінде 200-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта бұл жерде аортокоронарлық шунттау және магистралдық тамырларға қақпақшалық хирургия, эндоваскулярлық араласулар, сондай-ақ көп бейінді хирургиядағы эндоскопиялық және ашық операциялар сияқты жалпы жүрек операцияларының барлығы дерлік жасалады.

Мысалы, ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі туралы сұраққа А. Ғиният ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық бағдарламаны іске асыру туралы айтып берді, оның шеңберінде Атырау облысында 2023-2024 жылдар аралығында 18 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін, оның ішінде 11 медициналық пункт, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Ол сондай-ақ аудандық ауруханалар деңгейінде де өзгерістер болатынын, онда қосымша бөлімшелер ашылатынын және жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыру жоспарланатынын айтты.

Брифингте қойылған өңірдегі кадрлармен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, әкімдіктің мәліметінше, жыл басында Атырау облысында 280-нен астам медицина маманы, оның ішінде 183 дәрігер жетіспейді, бұл ретте акушер-гинекологтарға аса қажеттілік бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша өңірлерге кадрларды тарту мақсатында 2022-2023 оқу жылына резидентурада мамандар даярлауға 24 орын, оның ішінде екі акушер-гинеколог үшін бөлінді.

Кездесуге қатысушылар министрге мүгедек балаларды медициналық қамтамасыз ету, соның ішінде дәрі-дәрмектерге қолжетімділік мәселелері бойынша жүгінді, сондай-ақ Атырау облысында білікті кадрлары бар заманауи ауруханалар салу, пациенттерді емханаларда медицина қызметкерлері тарапынан олардың дәрілік көмекке құқықтары туралы хабардар ету қажеттілігі мәселелері көтерілді.

Ведомство басшысы әрбір өтініш бойынша толық түсініктеме берді, олардың кейбіреулері бойынша егжей-тегжейлі талқылауды талап еткен құрылымдық бөлімшелерге қиын жағдайларды түсінуді және оларға көмектесуді тапсырды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button