Қазақстанның сыртқы қарызы азайды

Жаңалықтар

Елдің сыртқы қарызы 8,6% азайды, деп хабарлайды Хабар 24. Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанның сыртқы қарызы өткен жылдың қазан айындағы есебі бойынша, 8,6% азайып, 161,5 млрд долларға дейін төмендеген.

1492164759d9ysk_1000x768

Сыртқы борыштың 63,7% бұрынғысынша фирмааралық берешек құраса, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы қарыз, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш, ал, 3,5%-і «Банк» секторының сыртқы міндеттемелері болып отыр. Өткен жылдың 3 тоқсанында экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы берешегі 3 млрд АҚШ долларына қысқарды.

Ал мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен шамамен 453 млн АҚШ долларына қысқарған. Ал фирмааралық берешек мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың шетелдік ұйымдардың еншілес кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына төмендеді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз