
ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, қар жауады
27 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі,-деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.
Айқара Ғұмар