Қазақстандық комерциялық емес ұйымдар табыс табуды үйренеді
18 маусымнан бастап Қазақстанның сегіз аймағында, соның ішінде Атырау облысында да коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға бағытталған «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы басталады.
«ӘREKET» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып жатыр. Оның мақсаты – ел өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің мәдениетін дамытуды ынталандыру.
«ӘREKET» жобасының аясында қазақстандық коммерциялық емес ұйым өкілдері бизнес-оқытудан өтіп, өз кәсібін дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде грант ұтып ала алады.
Грант иегері тек қызметі әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ бола алады.
Жобаға қатысу үшін үміткерлер 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми сайтындағы www.sk-trust.kz онлайн сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаларды қарағаннан және іріктегеннен кейін, қатысушылар Атырау қаласында өткізілетін тренингтерге шақырылады. Бес күн ішінде үміткерлер әлеуметтік бизнес негіздерін үйренеді, маркетинг және кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері туралы біледі, сондай-ақ презентациялар жасауды үйренеді.
Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады.
Грантты алу үшін қатысушылар бизнес-идеяларын ұсынуы және қорғауы тиіс. Олардың ішіндегі ең үздігі әлеуметтік бизнесті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде қаржыландыру алады.
Жобаның тиімділігі мен қаражаттың ұтымды пайдаланылуын әкімшілер қадағалайды.
«ӘREKET» жобасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Атырау облысынан басқа жоба Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтыды.
Айта кетейік, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартыға бағытталған. Бағдарламаны өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына, яғни, әлеуметтік ортаға, білімге, мәдениетке және спортқа қолжетімділігін арттыру жолдары арқылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
«Менің елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, онда еншілес ұйымдар қала құрушы компаниялар болып табылады. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін көтеру.