«Үздік мемлекеттік қызметші» атағына кім лайық?

Жаңалықтар

Atr.kz/12 маусым, 2019 жыл. «ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының бірінші кезеңі аяқталды.​

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізіліп келеді.Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде бастау алған конкурсқа Атырау облысы бойынша 24 мемлекеттік қызметші өтініш білдіріп, олардың 10-ы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде тестілеуден сүрінбей өтіп, өңірлік деңгейдің екінші кезеңіне, яғни әңгімелесу (Жеке жобалық жұмыстарын қорғау) кезеңіне жолдама алған болатын.

IMG 20190612 WA0021

Ағымдағы жылдың 5 маусымы күні конкурс үміткерлерімен жоба қорғау кезеңі өткізілді. Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыстарын комиссияға таныстырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық немесе әлеуметтік тиімділігін көрсетіп жаңарту ұсыныстарын атап өтті, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін жағдайын жеке жобаларында нақты көрсетті.Конкурс қорытындысы, яғни республикалық кезеңге жолдама алған қатысушылар тізімі Агентіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Айта кетсек, өткен жылы аталған конкурс бойынша Атырау облысынан 3 үміткер республикалық конкурсқа жолдама алып, жеңімпаз атанды.

IMG 20190612 WA0022

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз