Қазақстан археологтары Әзербайжанда скиф-сақ обаларын іздеуде
Қазақстандық және әзербайжандық археологтар Әзербайжан мемлекетінің аумағынан скиф-сақ обаларын іздеуде,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мақсат — ежелгі тайпалардың Кавказ аймағында мекен етуі мүмкін деген болжамды түбегейлі зерттеу. Ғалымдар бірлескен қазба жұмыстары нәтижелі болатынына сенімді. Берел қорғанындағы соңғы зерттеулерде табылған жаңа тарихи деректерді ғалымдар скиф-сақ халықтарын тереңірек зерттеу үшін қолданып көрмек.
Зейнолла Самашевтың басшылығымен жүріп жатқан экспедицияға Әзербайжан ғалымы да қатысты.
Оның айтуынша, табылған деректердің ең қызығы тарихи оқиғаларға әсер ететін скиф-сақтардың жерлеудегі салт-дәстүрінде көрінеді.
«Мен үшін осы халықтың жерлеу рәсімін зерттеу маңыздырақ болды. Себебі сол дәстүрдің іздерін Әзербайжан археологиясынан анықтағым келеді. Көптеген ғалымның мәлімдемесіне қарамастан, өлі денені қабірге тапсыру зороастризммен мүлдем қатысы жоқ. Себебі онда денені жерлеуге, өртеуге болмайды. Ал мұнда біз шаманизм немесе түрік халықтарының ата-баба дініне жақындау рәсімін бақыладық. Скиф-сақтарының көптеген ескерткіші Әзербайжан археологиясынан табылды. Сол себепті екі елдің ғалымдары бірлесіп, Әзербайжан аумағында да зерттеу жүргізуді жалғастырмақ», — дейді археология және этнография институтының зерттеушісі Заур Гасанов.
Археологтар скиф ескерткішін тапқан соң оны скифке тиесілі екенін анықтай алмай, әуре болады. Сол себепті жерлеу рәсімін зерттеу — өте маңызды іс.
«Басқа археологтар жерге көмудің болжалды ерекшеліктерін анықтап қойған. Менің қызметім — Әзербайжан археологиясындағы жерлеу рәсімдерінің ерекшелігін анықтау. Енді қазақстандық археологтармен бірігіп, Зейнолла Самашевпен қорғандарды тауып, қазба жұмыстарын жалғастырамыз. Берел қорғанынан табылған деректер тек скифке қатысты мәліметтермен шектелмейді. Жәдігерлер ғылымға ғұндар мен аварлар жайлы және Түрік қағанаты туралы мол мағлұмат береді». Ғалымның айтуынша, Алтайдағы осы элементтердің даму барысын бақылап көру керек. «Бұл әдіс-тәсілді тайпалардың пайда болуын зерттеу кезінде де қолдануға болады. Егер оларды анықтай алсақ, онда біз оң нәтижелерге қол жеткізіп, екі ел арасындағы ғылыми қарым-қатынастарды дамытуда өте маңызды қадам жасаймыз», — деп атап өтті ғалым.
Айқара Ғұмар
Фото vestnikkavkaza.net сайтынан алынған