prorpopopop

«Тухлая балка» мен «Квадрат» (сарқынды сулардың булану алаңдары) қашан тазартылады?

Жаңалықтар СарапTime Экология
8 / 100

Атыраудағы экологиялық проблемаларды шешудің бірден-бір жолы – 40 негізгі тармақтан құралған «Жол картасы». Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен республика экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бекіткен құжаттың қазіргі орындалуы қалай?

Бұл туралы біз Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовпен тілдестік. Облыстың бас экологының айтуынша, «Жол картасындағы» 40 тармақтың бүгінде бесеуі орындалған.

  • – Қазір аталған құжаттың бірінші, екінші тармақтары бойынша бірнеше шара қолға алынды. Соның бірі – қаланың бұқар бетіндегі «Тухлая балка» ағынды сулардың булану алаңын тазарту жұмыстары. Ауданы 1336,2 гектар алаңның 860 гектары Атырау мұнай өңдеу зауытының теңгерімінде. Аумақты қалпына келтіру туралы 2019 жылы қала әкімдігімен жасалған Меморандумға сәйкес, алаңды рекультивациялау жобасы әзірленіп, ведомствоаралық мемлекеттік сараптама порталына жүктелген. Жұмыстардың болжалдық құны – 5,3 миллиард теңге. Ал, мемлекетке тиесілі 476 гектар аумақты қалпына келтіру бойынша жобалықсметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бұл жұмыстың жалпы құны 1269,6 миллион теңгеге бағаланған, – деді Ә.Бекмұхаметов.

Екінші мәселе – Жайықтың оң жағалауындағы «Квадрат» сарқынды сулардың булану алаңын тазарту. Аумағы 506 гектар болатын бұл алаңды тазарту жобасына қойылатын талаптарға сәйкес жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Оның жалпы құны – 8019,7 миллион теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары оң жағалаудағы кәріз-тазарту қондырғысын салудан басталады. «Жол картасында» шығарындылардың негізгі үлесін құрайтын I санаттағы ірі кәсіпорындарды түбегейлі азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу де қамтылған.

  • – Бұл жұмыстарды «NCOC», «WEST DALA», «ТШО», «АМӨЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ бірлесіп атқарады. Олар ластаушы заттар шығарындыларының көлемін 2021-2024 жылдарда 15560,6 тоннаға қысқартады. Ал, биыл ластаушы заттар төгінділерінің көлемі 25%-ға төмендеді, – деді бас эколог.

Қаланың атмосфералық ауасының жай-күйін кешенді түрде бағалау жұмыстары аталған құжаттың төртінші тармағына сай жүзеге асуы тиіс. Бұл бағытта ауаға ластаушыларды түгендеу үшін арнайы жоба әзірленген.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған