Ғайни апай, бармысыз?..

ҒАЙНИ АПАЙ БАРМЫСЫЗ Жаңалықтар

Мына фотосурет 1956 жылы түсірілген: Гурьев (Атырау) қаласындағы Чехов мектебінің 3-сынып оқушылары. Ең жоғарғы қатардың солдан оңға қараған жағында екінші тұрған мен – Айтбенбетұлы Мәди.

ҒАЙНИ АПАЙ, БАРМЫСЫЗ

Менен кейін үшінші тұрған баланың есімі, ұмытпасам, Жолдас. Ал, ортада отырған ұстазымыз – Ғайни апай (өкінішке орай, фамилиясы есімде қалмапты). Ол – менің балалық жүрегіме соншама бір аяулы сезім нәрін қалдырған тамаша адам. Шәкірттерінің құрметтісі, адами болмыс-бітімі ерекше ұстазымыз-тұғын. Өмірбаяндық деректі хикаятымда бір новелла-естелікті сол кісіге арнаған едім. Егер ол кісі аман-есен болса, өзіне арнаған, шәкірттік жүрекпен жазылған кітаптағы естелігімді өзіне немесе балаларының, немерелерінің біріне табыстасам деген ойым бар.

Осынау суреттегі сыныптастарымның бүгінде бірі болмаса, бірі бар болса, апай туралы бір деректі білуі мүмкін ғой деген үмітім де жоқ емес.

Өзім туралы айтсам: 1946 жылы өмірге келгенмін. Бүгінде Астана қаласының тұрғынымын. Мамандығым – журналист, КСРО Жазушылар Одағының мүшесімін.

Мәди АЙЫМБЕТОВ,

журналист,

Астана қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз