Электр энергиясы: КҮНГЕЙ мен КӨЛЕҢКЕ (2 серия)

jenergo Жаңалықтар

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Әƒлеуметтік желіде аймақта электр энергиясының тарифі өсетіндігі, әйтсе де, ток тарату сапасы әлі нашарлығы жөнінде әңгіме айтылуда. Осы сала шаруашылығының жайы жнінде жиырма жылға жуық жазып жүрген журналист ретінде ткенді қазіргімен қабыстырып, қолыма қайта қалам алдым. Коммуналдық қызметтің де қадірін кетірмей, тұтынушыны да тұқыртпай, з ойымды ортаға салдым. Сонымен…

2. Ескі желі – ертеңнің еншісі емес

Шағын селоға кіріп келеміз. Расында да, сонау кеңестік кезден қалған бағаналар оңдысолды орнатыла беріпті. Қазіргі талапқа сай темірбетон да емес, кəдімгі ағаш бөренелер. Бірбіріне байластырып, өздерінше биіктетіп қойыпты. Міне, соның бойымен айқыш-ұйқыш электр сымдарын іле салған. Бүкіл көше жалғыз фазаға жабысқан соң жұртқа жарық жетер ме? Ал, мұндай ахуал қалай қалыптасты?

Баршаға белгілі, сонау жылы республикада жеке тұрғын үй салуға тілек білдіргендерге жаппай жер телімдері беріле бастады. Мемлекет тарапынан халықты пəтермен қамту мүмкін болмағандықтан, осындай қадамға баруға тура келді. Əр аймақ осы көрсеткіш жөнінен өзара бəсекеге түскендей, жоғарыға бағдарламаның оңды орындалып жатқандығы жөнінде есептерін қарша боратты. Ал, инженерлік инфрақұрылым ше? Ол мүлдем назардан тыс қалды. Жергілікті атқарушы билік электр энергиясы жəне табиғи газ желілерін, ауыз су құбырын тартуды қажет санамаған секілді. Сол шақта, мүмкін, қаржылық жағдай да көтермеген шығар. Дегенмен, кейінгі жылдары кездескен кемшіліктердің іргетасы осы уақытта қаланған. Т і п т і т а л а й с о л а қ а й сорақылықтың куəсі болдық қой.

Əлі есімде, бір ауыл əкімімен кабинетінде əңгімелесіп отырсам, жер телімін сұрап кезекті тұрғын келген. Елді мекен басшысы əлгіге «жарық пен суды сұрамайсың, газды да қоя тұрасың» дейді. Қалбалақтаған анау «жоқ, еш нəрсе керек емес, жер берсең жарайды» деді. «Ендеше, арыздың астына солай жаз» деп əкім де тұқыртып қойды. Ол шығып кеткен соң стол басында жапалақтай жарбиып отырған шенеунікке бұлай істеуі заңсыз екенін ескертсек, «ертең жарық немесе су сұрап басымды ауыртпас үшін осылай жасап аламын» деп қарап отыр.

Жоғарыдан сондай нұсқау келді ме, əлде өзінің ойлап тапқаны ма – қайткенде де, бағдарламаны белден басқаны белгілі. Міне, соның салдары қазір де білініп жатыр. Мұндай жағдай ауылда да, қалада да қалыптасты. Өзіңіз ойлап көріңізші, əкімнен еш нəрсе сұрамауға қағаз жүзінде уəде беріп, қол қойған халық қайда барады? Үйін тұрғызып болған соң оған жарық жүргізбей ме, ауыз су құбырын тартпай ма, табиғи газ қоспай ма?

Міне, осы шаруалардың бəрін тұрғындар өздері тындырды. Сол кездегі ұрыс-керісті кертіп жазсақ, талай томға тақырып болар-ау. Жаға жыртылып, білек те айқасқан. Өйткені, мəселен, көше жарығына жақынырақ орналасқан үй алдымен тартып алады да, ар жағындағы көршісінің жалғануына көнбейді. Н е м е с е ө з і н і ң ш ы ғ а р ғ а н шығынының жартысын өтеуді талап етеді. Жұрт шұбырып əкімдік пен «Атырау-Жарыққа» арызданды. Бұлар не істей алады? Электр бағаны басқаныкі, сым да соныкі. Өзгенің меншігіне қол сұғуға бола ма?

Ақыры көршілер тіл табысып, электр энергиясын бірінен соң екіншісі жалғай берген. Ешқандай техникалық талаптарға сай емес, жобалау құжаттарына да сəйкес келмейді. Ток күшінің қазіргі жетімсіздігі содан пайда болды. Ал, одан арылу əзір мүмкін емес. Ащы шындығы сол. Бірақ, өмір орнында тұрмайды. Электр қуатына сұраныс одан əрі арта түседі. Ертең бе, арғы күні ме – бұл бағытта тағы да ірі инвестициялық жоба қолға алынады. Ал, мұндай жұмысқа қажетті қаражат көздерінің бірі – тариф. Тұтынушы өзінің игілігі үшін ортақ мақсатқа үлес қосуы қажет. Қолданыстағы заң солай дейді. Жұртшылықтың соны дұрыс түсінгені керек.

«Самалдағы» сәйкессіздік

Атыраудағы жұртшылық жиі қоныстанған мекендердің бірі – «Самал» ықшамауданы. Тіпті тұрғындар арасында осы өңір сұранысқа ие саналады. Мұнда жер телімін алу – екінің біріне бұйырмаған бақыт тəрізді. Əйтсе де, электр қуатының жетімсіздігі осындағы өзекті проблема екендігін көп адам білмеуі де мүмкін. Ал, ол атқарушы билік пен энергетиктердің əлдеқашан бас ауруына айналған.

Шаһарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін кəсіпорынның инженері Дəурен Орынбаевтың айтуынша, трансформаторлық стансалардан шығатын 0,4 киловольттық кернеулі əуе жəне кабельді желілер қолданыстағы ережелерге сəйкес жүргізілмеген. Демек, электр қондырғыларына қатысты қағида сақталмаған. Ал, оны о баста «АтырауКөлік» ж а у а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серіктестігі жүзеге асырыпты.

Алдымен, мекеменің атынан шошындық. Көлік қозғалысына немесе сонымен қамтамасыз етуге байланысты тəрізді көрінді. Ендеше, электр желісіне нендей қатысы бар? Əлде мамандармен жеткілікті қамтамасыз етілген бе?

Одан əрі, тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі екен. Сол кездегі басшылары бүгін бар ма? Əйтпесе, бізде бүлдірген іске жауапты тұлға табу қиын. Бұлай дейтініміз – мемлекеттік мекеме тарапынан тиісті қадағалау ж о қ т ы ғ ы н а н т е х н и к а л ы қ талаптың толық сақталмауы. Электр бағандарының бірбірімен арақашықтығы əртүрлі. Ауытқушылық 250 метрден екі шақырымға дейін жетеді. Мамандар осындай олқылық салдарынан жүктеменің тым көптігі, кернеу көрсеткішінің тұрақсыздығы туындайтынын айтады. Енді нендей амал бар?

Т а п с ы р ы с б е р у ш і қ ұ р ы л ы м н ы ң қ ы р а ғ ы қ а д а ғ а л а м а у ы к е с і р і н е н мердігер мекеме тарапынан кеткен кемшілікті шұғыл жою қажет. Электр желісін қолданыстағы ережелерге сəйкес қайта жүргізуге тура келеді. Мұндай олқылықтың салдары трансформаторлық стансалардың қатардан шығуына да соқтыратын көрінеді. Онда мəселенің шешілуі тіпті қиындай түседі. Жалпы, қалалық электр желілері кəсіпорны тұрғындар шағымына орай біраз зерттеу жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны – көше бойына қосымша желілер тартылмай, көптеген жер телімдері берілгені.

Қазір, жасыратыны жоқ, қалтасы қалыңдар жəй ғана қазақы үй емес, екі-үш қабатты коттедждер тұрғызып алған. Бұларда тұтынатын ток күші анау-мынау кəсіпкерлік нысанынан кем емес. Оның үстіне, жазғы уақытта қосылатын салқындатқыш жабдықтары бар.

Қазір мамандар ақырған ақпаннан гөрі жұрттың шіліңгір шілдеде электр энергиясын өте көп пайдаланып жүргенін айтады. Бұл да – бүгінгі күннің шындығы. Осы орайда облыстық əкімдік 50 шақты трансформатор подстансасын алғалы отыр. Шаһардағы жағдайды соның жəрдемімен жөндеп көрмек. Қызметтік құзырына тікелей кірмесе де, «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы соларды тегін құрастырып, орнатуға келісім берген. Ортақ проблеманы орайластырып шешуге деген ұмтылыс белгісі.

Энергетика министрлігінің мəліметінше, электр қуатын таратудан, яғни, жұрттан жиналатын кіріс жабдықтарды жаңғыртуға жетпейді. Энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қондырғыларды жаңартуға жұмсалатын шығынды жаппайды. Өйткені, түскен табыстың қомақты бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсауға тура келеді. Əйтпесе, қызмет сапасына көп нұқсан болады.

Тағы да уəкілетті органның дерегіне жүгінсек, былтыр еліміз құны 8 млрд. теңгеден астам электр қуатын көрші мемлекеттерден алыпты. Əрине, кеңестік кезден қалған алыс-беріс бар. Қазіргі жағдайда соның сақталғаны оңды да секілді. Өйткені, өзімізде жетпегенін тыстан тасымалдауға ыңғайлы.

Бірақ, бұл ұлттық тəуелсіздігімізге сын емес пе? Егер ішкі электр шаруашылығын сауықтыруға тиіс қаражаттың бір бөлігін əр жылы сырттан сатып алатын энергетикалық қуаттың төлемі ретінде басқаға беріп отырсақ, онда қалай дамимыз? Біздің жағдайымызда анау Азғыр аймағындағы елді мекендер жарықты ар жағындағы Ресейден алады. Астрахан айналып жететін желінің əр киловаттсағатының құнын көршілер өздері белгілейді. «Кісідегінің кілті – көкте» деген осы. Əрі, рубль бағамымен бағалайды.

Ал, ол теңгемен теңестіргенде біраз жоғары. Оның үстіне, ара-тұра өсетіні тағы бар. Алдағы уақытта да солай болуы ықтимал. Демек, бұрынғы байланысты сақтай отырып, іштен қамтамасыз ету жайын да ескерген жөн. Жергілікті атқарушы билік мұны əңгіме еткенімен, дəл қазір мəреге жетуі де қиын.

Оның үстіне, барлық күш пен қаражат кесірлі кеселмен күреске жұмсалып жатқанда өзгеге мойын бұратын шама бүгін бар ма? «Самалдағы» сəйкессіздік т у р а л ы ж а л ғ а с т ы р с а қ , бұл – шаһардағы осындай оралымсыздыққа душар болған жалғыз мекен емес. Атырау қ а л а л ы қ э л е к т р ж е л і л е р і кəсіпорны кернеу күші төмен бірнеше орынды зерттеп, сараптама жүргізіпті. Солардың қ а т а р ы н д а « Б а л ы қ ш ы » , «Атырау», «Жеті қазына», «Жерұйық», «Өркен», «Самал», «Нұрсая» мен «Сарықамыс» ықшамаудандары аталады.

Сонымен қатар, Дамбы, Сарыөзек, Жұмыскер, Құрсай, А қ с а й , А қ ж а р а у ы л д а р ы бар. Бұлардың барлығы облыс орталығының əр жерінде орналасқан. Бəріндегі проблема ортақ, яғни, желіге шамадан тыс салмақ түсуі. Кернеу көрсеткішінің төмендігіне шағымданушылар жеткілікті. Егер қалыптасқан жағдайды жедел жөндемесе, келешектегі қиындық бұдан да көп болмақ.

Энергетиктер өз тарапынан асқынған ахуалды жергілікті атқарушы билік назарына берді. Енді шаһар басшылығы нендей шешім қабылдайды? Тығырыққа тірелген түйін қашан тарқатылады? Ол – болашақтың бағамындағы нəрсе. Əрине, ұзаққа созылмағаны жөн еді. Өзінің тікелей міндетіне жатпаса да, ортақ проблеманы шешуге «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы да атсалысуға даяр.

Сұраныс ұсыныстан көп

А т ы р а у ж ы л у – э л е к т р орталығының қазір шығарып отырған энергетикалық қуаты облыстың бүгінгі қажетін қанағаттандыруға жеткілікті. С о ң ғ ы ж ы л д а р ы ж ү з е г е асырылған инвестициялық бағдарламалар нəтижесінде өндіріс өнімділігі бірнеше есе артты. Сөйте тұра «МАЭКҚазатомпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Интер РАО» кəсіпорны тəрізді тыстағы ток көздерінен де энергия алып отырсақ, бұл – кеңестік кезден қалған жүйе. Оның тамырына түпкілікті балта шауып, өз жарығымызға ғана иек арту үшін көп шаруа тындыруға тура келді.

Бірақ, облыс ішкі тəуелсіздігіне құлаш ұратын болса, сол ауқымды істі қазір-ақ қолға алған абзал. Атыраулық энергетиктер онсыз да сырттан жеткізілген электр энергиясын осындағы тұтынушыларға таратып отыр. Одан да өз өнімін жерлестеріне жеткізбей ме? И н ж е н е р Д ə у р е н О р ы н б а е в т ы ң а й т у ы н ш а , тұтынушы мен электр энергиясымен қамтамасыз ету мекемесінің арасындағы шартқа сəйкес, əр тұрғын тұрмыста тұтынатын қуатты бес киловаттан асырмауы тиіс. Бұл кəсіпорынның энергияны жоспарлы шығаруына, тұтынушыдан түсетін түсімді болжауына мүмкіндік береді.

Сайып келгенде, əркім үйінде электр қуатын ұтымды пайдалану арқылы оған төленетін ақыны да үнемдер еді. Əйтпесе, талтүсте-ақ шам жағып, шалқып жүргеніміз жалған ба? Төлемін төлеп жатқанымызды айтып шалқаямыз. Ал, сол электр қуатын шығарып жəне таратып жатқан мекемеге қаншалықты салмақ салып жатырмыз? Мұны да ой елегінен өткізген жөн еді ғой. Ж а л п ы , Э н е р г е т и к а министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дəрібаевтың айтуынша, қуат беруші кəсіпорындардағы қондырғылардың тозуы 60 пайызға жетіпті.

Кейбір өңірде өткен ғасырдың алпысыншыжетпісінші жылдары орнатылған жабдықтар бар екен. Соның бəрін жаңғыртуға бүгінде қаражат жетпейді. Биылғы тарифтегі толықтырудың төркіні де сол. Кəсіпорындар сол арқылы қаржы жинақтауы шарт. Турасында, өсім шілдеден басталуы тиіс-ті. Министрлік бекіткен мерзім осы еді. Республика бойынша басқа кəсіпорындар соны басшылыққа алды.

Бірақ, «Атырау-Жарық» тұтынушыларға бір ай демеушілік көрсетті. Өз еркімен өзгерісті тамыздан бастағанды жөн көрді. Тіпті, биылғы мамырға дейін аймақтағы күнкөрісі төмен адамдарға жеңілдік жасап келді. Ал, қазіргі жағдай белгілі. Министрлік басшыларының пікірінше, тарифті аз-кем көтеру осы салада жұмыс жасап жатқан 27 мың жұмысшыны сақтау үшін де керек. Олардың ішінде, əрине, атыраулық энергетиктер де бар.

P.S.

Биылғы қаңтар-шілде аралығында тұтынушылардан 150 шағым түсіпті. Солардың дені электр кернеуінің жеткіліксіздігіне байланысты. Оның да сан себебі бар. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сымдары жарамсыздыққа ұшыраған, фазалар бойынша жүктемелер бірқалыпты таратылмаған, жеке тұрғындар ешқандай жобасыз желіні здері тартып алған, бағаналар апатты жағдайға жеткен. Бұл жабдықтардың бәрі «Атырау-Жарық» мекемесіне қатысты да емес. Бірақ, жергілікті атқарушы биліктің ұсынысымен жндеп беріп жүр. Жақында жеткізілетін 50 трансформаторды орнатуды да атыраулық энергетиктер міндетіне алған.

P.S.S.

 Сонымен, аймақтағы энергетика шаруашылығының күнгейі мен клеңкесін әңгіме еттік. Күнгейі – жүзеге асырылған инвестициялық жобалар нәтижесінде электр энергиясымен қамтуда сенімділікке қол жеткізгеніміз. Клеңкесі – сол қуатты тұтынушыға тарататын жабдықтардың әбден тозуы. Соны саралау барысында ешкімді ақтауды немесе даттауды мақсат тұтпадық. Тек айтарымыз – егер коммуналдық қызметті қажетінше қолдап отырмасақ, онда бұрынғы мүшкіл күйіне қайтып келеміз. Ал, қазіргі орта буын мен аға ұрпақ – сол шақтың куәлары.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

«Елдегі электр жабдықтарының 60 пайызға жуығы ескірген»

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мəліметінен

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз