Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Аймақ басшысының орынбасары Айгүл Әжіғалиеваның қатысуымен әйелдердің облыстық конференциясы өтті

Жуырда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде аймақ басшысының орынбасары Айгүл Әжіғалиеваның қатысуымен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы мен «Атырау облысының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әйелдердің экономикалық және іскерлік белсенділігінің басымдылығы» деген тақырыпта әйелдердің облыстық конференциясы өтті.

-скер __йелдер Ц к__пке __лг¦

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде өткен конференцияны облыстық мәслихат депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Атырау Бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Әйтиева ашып, жүргізді.

Рас, қазіргі күнде әйел заты араласпайтын жұмыс жоқтың қасы. Олар жер бетіндегі де, көктегі қызметтерді де түгел меңгеріп болды десек, артық айтқандық емес. Елбасымыздың жылма-жылғы дәстүрлі Жолдауында отбасы, ана мен бала саулығы, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту турасында аз айтылмайды. Күні кешегі Жолдауда да әйелдердің іскерлік белсенділігі жайында біраз әңгіме болды.

Әйелдер конференциясы екі сессия бойынша өтті. Екеуінде де іскер әйелдер – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова, «Атырау мұнай өңдеу  зауыты» ЖШС бөлім бастығының орынбасары Гүлара Өтеғалиева, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева, Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы Толқын Бейісқали, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау институтының директоры Гүлзада Шалағұлова, Атырау облысының әкімшілік сот жетекшісі Гүлжан Жұмағалиева, қалалық мәслихат депутаты, саясаткер әйелдер клубы төрайымының орынбасары, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж директоры Бақыт Шеркешбаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының директоры, филология магистрі Ақмарал Даутқұлова, Баймұханов атындағы орта мектептің (Мақат ауданы) әдіскер мұғалімі Амангүл Құмарова сөз алды.

Айталық, Рысты Нұрғалиқызы «Ембімұнайгаз» АҚ-да жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, мұнай өндіру ісі, адам капиталы жайында әсерлі әңгімеледі. Ол жергілікті білім ошақтарында оқып жүрген студенттермен тығыз байланыста екендіктерін, тәжірибеден өткен білімді, білікті, үздік студенттерді бірден жұмысқа қабылдағандары жайында айтса, Толқын Ермекқызы өз аудандарында «Балапан» бағдарламасының түбегейлі орындалғанын қуана жеткізді. Сонымен қатар, Бақыт Кеңесқызы кәсіптік білім беру, жұмысшы мамандығының статусын көтеру мәселесіне тоқталса, Ақмарал Қалиярбекқызы мен Амангүл Құмарқызы жастарға терең білім беру, саналы  ұрпақ тәрбиелеу жайын әңгімеледі.

Лиза Сейтімова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button