«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының бірінші қатысушысы

DSC0062 Жаңалықтар

Мен 1997 жылы 25 тамызда Атырау қаласында дүниеге келдім. 2003-2014 жылдары аралығында қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектепте оқыдым. 2014-2018 жылдары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда аталған мамандық бойынша өзім тәрбие алған Ы.Алтынсарин атындағы мектепте шәкірттерге білім беріп, ұлағатты  ұстаздармен ұжымдас болып келемін.

_DSC0034

_DSC0037

Шашымды бала күнімнен бастап өсіріп келіп, 2009 жылы  6-сыныпта қиып тастағаным және кейін, бұл қылығыммен әкемді қатты ренжітіп алғаным әлі есімде. Себебі, әкем маған үнемі қазақи тәрбие беріп, сыпайылық әдебін үйретіп келеді. Осыдан бері шашымды қайта өсіріп, күтініп келемін. Қазір бұрымымның ұзындығы – 125 см. Шашымды дұрыс күту құпиясымен бөліссем, бұрымымды аптасына екі рет химиялық қоспасы жоқ, ошаған сығындысымен дайындалған, дәрілік су сабынмен жуамын. Айына бір рет шаштың құрғақтығын жойып, жылтырауын, жұмсақтығын, жиі түспеуін және беріктігін сақтау үшін айранды қолданып жүрмін. Шаш кептіргіш пен шаш өсіретін түрлі химиялық су сабындарды мүлдем қолданбаймын. Бұрымымды тіл-көзден сақтау мақсатында көбіне шашбау тағып жүремін.

_DSC0049

_DSC0057

_DSC0062

Сондай-ақ, қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, зергерлік бұйымдарын таққанды да ұнатамын. Сондықтан болар, ең сүйікті мейрамым – «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі. Біздің ата-бабаларымыздан қалған көне салт-дәстүрлерді жаңғырту – барлық қазақ қыздарына парыз. Өйткені, бұл салт-дәстүрлерде ұлттық тәлім-тәрбие мен рухани жаңғыру жатыр. Осы дәстүрді қадірлеуге, бұрым өсіруге барша қазақ қыздарын шақырамын.

Назеркем ӘБІЛХАМИТОВА,

мұғалім.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Канзия Габдуллина

    Шашы ұзы қыздың ақылыда ұзын деп қазак рас айтқан. Шаштың әдемі болын өсуі жақсы денсаулықтың белгісі. Осы сайыстың жеңімпазы болуына шын жүректен тілеймін және қолдаймын. Саған зор ДЕНСАУЛЫҚ, БАҚЫТ және ата-анаңның мақтанышы болуын тілеймін

  2. Гүлбаршын

    Бір Университетте оқығанбыз. Өзіңмен араласып сөйлеспесемде сырттай қандай қазақы қыз деп таң қалатынмын. Болашақ жастарға үлгі болар нағыз қазақ қызы. Жарайсың, Алға, Биіктерден көріне бер. Тіл көзден аман жүр.

  3. Нуконай

    конкурс уйымдастырган екенсиздер такырыбы жаксы бурымды кыз деген тек узындыкка емес упайга карап жарыстырып койгандарыныз биртурли енди.Адил оту ушин узындыкпен карап орын берип шешу керек кой.

  4. Назеркем

    Сәлеметсіз бе!Пікіріңіз жөнді.Дегенмен біз тек ҚАТЫСУШЫМЫЗ!Осы конкурсты ұйымдастырып отырған адамдар.Нәтижесін көрерміз енді…

  5. Назеркем

    Раxмет көп-көп!Алла разы болсын!

  6. Назеркем

    Раxмет көп-көп!Алла разы болсын!