Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚұқық

Автотұрақтағы заңсыз кондитер цехы

Atr.kz/25 тамыз, 2020 жыл. Атырауда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзған шағын кондитерлік цех анықталды. Махамбет көшесіндегі тұрғын үйдің ауласындағы автотұрақты заңсыз кондитерлік нысан ретінде пайдаланып келгендер екі айдан бері осы орында торттар, басқа да ұннан жасалған өнімдерді дайындапты.

-Бұл жағдайға Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен ішкі істер органдарының өкілдері ұйымдастырған рейд барысында куә болдық, — деп хабарлайды Atpress.kz сайты.

Жеке меншік үй ауласындағы ғимаратта орналасқан бұл нысанның өкілі журналистерге берген сұхбатында цех тәттілер мен өзге де кондитерлік тағамдарды әзірге ірі көлемде дайындамаған. Қазір өнімдерді тек өздерінің туыстарына ғана әзірлеумен айналысып жатса керек.

Алайда, Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернар Әбілқайыров цех өкілі осы жерде өндірілген өнімдерді кейбір дүкендерге тарату жұмыстарымен де айналысқанын басым айтты. Бірақ, тілшілер тобы оқиға орнына келген бойда цех қызметкерлері бұл сөздерінен ілезде бас тартты.

Аталған басқарма қызметкерінің айтуынша, қалай десек те, нысанның меншік иесі анықталған соң, олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ретте қазіргі уақытта құзырлы орындар тарапынан мән-жайды нақтылау мен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

img 20200824 wa0108
img 20200824 wa0110

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button