Жарнама
Жаңалықтар

АВТОКРЕСЛО АЛУ… БІР ЖЫЛДАН КЕЙІН БЕ?..

«Республикада 4,5 миллион автомобиль тіркелген. Егер автоәуесқойлардың төрттен бірінде 12 жасқа дейінгі бала бар деп жорамалдайтын болсақ, онда бір мезгілде сатылымға бір миллиондай  кресло шығуы тиіс. Ал, егер жанұяда үш және одан көп бала болса ше?». Осылай деп жаңа заңға кесімді уәж айтқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазыбекова 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау жөніндегі жаңа норманың әрекетке енуін бір жылға кейін шегеруді ұсынуда.

«Белгілі болып отырғандай, «Жол қозғалысы туралы» Заңындағы соңғы өзгерістерге, сондай-ақ жол қозғалысының жаңа ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасында арнайы тұтқыр құрылғының немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен түймелеп қоюға мүмкіндік беретін өзге де бұйымдардың жоқтығы кезінде жүргізушілерге 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салатын норма күшіне енді. Аталған норманы қабылдау пайдасына негізгі аргумент көлік құрылғыларымен тасымалдау кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі болды. Тәжірибе жүзінде бұл норма балалардың автомобиль креслоларын орнату талаптарына алып келді және қоғамдық үлкен резонанс туғызды», — деді ол Үкімет басшысына жолдаған сауалында.

2006 жылы Ресейде дәл осындай норманың енгізілуі де бір жылға кейін шегерілгенін еске сала келе, «Шағын және үнемді автомобильдерде бірнеше балалар креслосын орнату іс жүзінде мүмкін емес. Ақыр соңында, базарларда дүрлігу пайда болып, автокреслолардың алыпсатарлық бағалары туындады. Осылайша, заң мен ережелердің талаптарын бір мезетте орындау мүмкін болмайды және жемқорлық құқық бұзушылықтардың ұлғаюына алғышарттар жасайды», — деп түйіндеді сөзін ол.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button