«СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің психология мамандығының студенттері  психология кафедрасының доценті, топ кураторы Айжан Қаженбаеваның бастамасымен облыстық С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында  қызықты психологиялық жаттығулар  мен ойындар өткізіп, балаларға жүрек жылуын сыйлады.

Психологиялық шарада болашақ маман‑психологтар ерікті педагогикалық отряд құрып,  тренингтер өткізді. «Менің бір күнім» атты  күн режимін дұрыс құруға арналған және «Тілек. Мақсат. Жетістік.» атты алға мақсат қоюға арналған тренингтердің тәрбиеленушілер үшін маңызы зор болды.

 

Аптаның бір күні балалардың шығармашылығына «Тапқырлар мен ойшылдар» атты жұмбақ шешуге, келесі апта «Қиял әлемі» атты балалар шығармашылығына, өз болашақтары туралы эссе, шығармалар, өлеңдер құрастыруға арналды. Балалар ойындар ойнап, би билеп, ән шырқады.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында психология, педагогика және өнер факультетінің  деканы Ләйла Қойшығұлованың бастамасымен өткен «Сен жалғыз емессің!» атты қайырымдылық шарасы да жоғары деңгейде өткенін атап өткен жөн.

Назерке САМЕШОВА,

университеттің волонтерлік қозғалысының жетекшісі,психология мамандығының

ІІІ курс студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз