Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Ауыл аманатымен» 27 қызылқоғалық несие алды

Ауылдық жердегі тұрғындардың табысын арттыруды көздеген жоба аясында өткен жылы екі жарым пайызбен берілетін жеңілдетілген несиені алуға 50-ден астам ауыл тұрғыны қызығушылық танытып, оның 27-нің құжаттары мақұлданған, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде өткен жылы ауыл тұрғындарының өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті жағдай жасалды. Сөйтіп, шалғай ауыл тұрғындары үшін қанатқақты жобаға айналған «Ауыл аманаты» бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жәрдем көрсетілді.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырыла бастаған жобаға Миялылық тұрғындар белсенділік танытса, Мұқыр мен Сағыз округінен 4 тұрғын, Жангелдин, Көздіғара, Тайсойған, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтерінен 1 тұрғын несие рәсімдеген. Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл аударған 23 тұрғын мал шаруашылығын дамытуға қаржылай қолдау алса, өзгелері жылыжай, көлік жуу, жеңіл және газел автокөліктерін алып кәсіптерін жалғауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button