Мал ұрлығын қалай тыюға болады?

mal urlau Жаңалықтар

Мал шаруашылығы елімізде басым дамыған салалардың бірі болып табылады. Сондықтан мал ұрлығы қашан да өзекті мәселе болып қала береді.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, жуырда ғана мал ұрлығымен айналысқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ пен үш күдіктіні ұстады. Олардың жеті қылмысқа қатысы бар болып шықты. Қолды болған 13 мал (екі жылқы, бір түйе және он қой) заңды иелеріне қайтарылды. Бұл ретте, биылдың басында ҚР Қылмыстық кодекске қылмыстың осы түрі үшін жазаны қатайтуға бағытталған түзетулер енгізілді.

– Учаскелік инспекторлар шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың әлеуметтік желілердегі топтары мен чаттарына қосылды. Бұл мал жоғалған жағдайда, тікелей жедел ақпарат алмасып,  жоғалған малдың тез табылуына ықпал етеді.

Ветеринария басқармасымен қабылданған меморандум аясында облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізетін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда өңірде миллионға жуық мал басы бірдейлендірілді: ірі қара мал – 209 870, ұсақ мал – 658 540, жылқы – 89 641 (82 889  белгіленген, 6 752 чиптелген), түйе – 36 751.

Жыл басынан ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті құжаттарсыз және санитарлық нормаларды бұзып мал тасымалдаумен айналысқан 104 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді ол.

Өкінішке орай, малды қараусыз жайылымға жіберу қылмыскерлерге ыңғайлы жағдай тудырады. Мұндай ұқыпсыз  мал иелері ӘҚБтК-нің 408-бабы – «мал жаю ережелерін бұзу…» дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке  тартылады. Тек осы аптада, бар болғаны үш күн ішінде Әкімшілік кодекстің осы бабы бойынша 44 адам жауапкершілікке тартылып үлгерген.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз