АУЫЛ ӘКІМІН САЙЛАУ: заңнамадағы өзгерістер

201022113301304a3709402i Жаңалықтар

Ауыл әкімі – елді мекеннің бюджетін басқарып, көркеюіне мүдделі бірден-бір лауазым иесі. Қалыптасқан заңдылыққа сәйкес, ауыл әкімін бұған дейін мәслихат депутаттары сайласа, енді жергілікті аумақ басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы сайламақ. Енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа нормативтік құқықтық акт таяуда күшіне енді. Соған орай біз жергілікті әкімдерді сайлау туралы жалпы ережелер және талаптармен таныстыру мақсатында Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовпен сұхбаттасқан едік.

– Азамат Мақсотұлы, ауыл әкімдерін сайлаудың жаңаша талаптары қандай?

– Негізінен сайлау заңнамаларына енгізілген өзгерістер мемле – кет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асырудан туындайды. Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихаттарын сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету, сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» бағанын енгізу, ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тікелей, яғни сайлаушылардың дауыс беруі арқылы өткізу жөнінде тапсырма бергені бәрімізге белгілі. Ауыл әкімдерінің сайлауын тиісті әкімшілік бірлік аумағын қамтитын сайлау комиссиялары тағайындайды және ұйымдастырады. Ал, учаскелік с а й л ау ко м и с с и я л а р ы с а й л ау учаскесінде сайлау іс-шараларын өткізеді. Кандидаттарды ұсыну жолдары да әртүрлі. Мысалы, саяси партиялар сайлау округіне бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Ал, дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санынының кемінде 1%-нан қолдау тапса, өзін-өзі ұсына алады. Ұсыну мерзімі аяқталатын күні екіден кем кандидат ұсынылса, ондай сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша екі кандидат ұсынуға құқылы. Жалпы ұзақтығы – бір ай. Сайлау кемінде 40 күн бұрын тағайындалып, қызметтегі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізіледі. Кандидаттар 1 АЕК көлемінде жергілікті бюджетке сайлау жарнасын енгізуі керек.

– Тиісті заң бекітілді. Биыл Атырау облысы бойынша сайлауға түсетін әкімдер саны нешеу?

– Қазір Атырау облысында ауылдық деңгейдегі 69 әкім бар. Оның 1-еуі аудандық маңызы бар қаланың, 4 кенттің, 64 ауылдық округтің әкімі. Биыл тамызда 2017 жылы сайланған 17 ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімдері аяқталады. Бұлардың басым көпшілігінің мерзімі тамыз айында аяқталса, кейбірінің өкілеттігі 1 қарашада аяқталуы тиіс. Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін 1 әкім өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Демек биыл жазда 18 ауылдық округтің әкімі сайланады. Кез-келген өмірлік жағдайларға байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі де мүмкін. Сондықтан, нақты мәлімет сайлау жарияланған уақытта белгілі болады. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиялары қаулылар қабылдайды, оны atyrau.gov.kz сайтынан біле аласыздар.

– Ауыл әкімінің сайлауында кімдер дауыс береді?

– Дауыс беруге жасы 18-ге толған белсенді сайлау құқығын иеленген ауылдық округтің тұрақты тұрғыны қатысады. Дауыс беру жоспарланған 36 сайлау учаскесінде қазір 44 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

– Ал, әкім болуға кімдер үміткер бола алады?

 – Жасы 25-тен асқан Қазақстан Республикасының азаматы үміткер р е т і н д е т і р ке л у қ ұ қ ы ғ ы н а и е . «Мемлекеттік қызмет тура лы» Заңда азамат мемлекеттік қызметке қ а б ы л д а н а а л ма й т ы н т а л ап т а р көзделген. Үміткер осы лауазымға қойылатын E-R-1 біліктілік санаты талаптарына сәйкес келуі тиіс. Заңда белгіленген тәртіппен ө т е л м е г е н н е м е с е а л ы н б а ғ а н соттылығы бар, сыбайлас жемқорлық қылмысы және сыбайлас жемқорлық қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ ж а с ауд а ғ ы кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам кандидат бола алмайды. Аумақтық сайлау комиссиялары арнайы органдарға кандидаттардың сәйкестігін анықтау үшін сұрау салады. Осылардың нәтижелері бойынша шешімдер қабылданады.

– С і з а й т ы п о т ы р ғ а н жаңашылдықтың бірі – өзінөзі ұсынушылар. Олар қандай талаптарға сай болуы тиіс?

– Жоғарыда аталған талаптармен қатар, кандидат дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының к е м і н д е 1 % – н ы ң қ о л д а у ы н жинауы керек. Кандидатты қолдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

– Сайлауға қажет шығындар есептелді ме? Саяси науқанға қанша қаражат, қайдан бөлінеді?

– Бюджеттік өтінім берілді. Оған сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысы, баспахана өнімдері, кандидаттардың үгіт жұмыстары, сайлаушылармен кездесулер үшін ғимаратты жалға алу, көлік, пандемия кезіндегі санитарлық құралдар, кеңсе тауарлары, бюллетень басып шығару, байланыс, т.б. шығындар кіреді. Ол округ әкімінің аппараты арқылы есептеледі. Нақты көрсеткіштер сайлау жарияланған соң белгілі болып, қаржыландыру бюджет есебінен жүргізіледі.

– Жаңа әкімдер бұрынғыша 4 жылға сайлана ма, әлде мерзімі өзгере ме?

 – Сайлану мерзімі – 4 жыл. Бір адам сол және бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып, қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан: Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз