АТЫРАУДА КЕМЕЛЕР ШЕРУІ ӨТТІ (+ФОТО)

55845301 786787585037060 4979054675996180480 o Жаңалықтар

Atr.kz/1 сәуір, 2019 жыл. Атырауда «Бекіре-2019» ірі көлемдегі балық қорғау акциясының басталуына байланысты кемелер шеруі өтті.

Шеруге құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының және шекара қызметінің 11 бірлік қайығы мен 17 шағын кемелері жұмылдырылды.

56165088 786791041703381 5859433206859694080 o

«Бекіре-2019» жыл сайынғы ірі көлемдегі балық қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған су көліктерінің шеруі 1 сәуір күні таңғы сағат 10-да Балықшы ықшам ауданынан басталып, теңізге шығар бетке дейін жалғасты.

55609113 786791105036708 8969604138983751680 o

– Біз Каспий теңізінің жағалауы мен су айдындарында және Жайық және Қиғаш өзендерінің өзен ағындарында шоғырланған стационарлық және мобильді посттар, жылжымалы жолдар тобын ұйымдастырдық. Барлық инспекторларға олардың қызметіне қатысты нақты нұсқаулар берілді, содан кейін олар тұрақты орындарына барды, – дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.

55939771 786787725037046 5698722991001567232 o

Айта кетейік, «Бекіре-2019» ірі көлемдегі балық қорғау акциясы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында 31 мамырға дейін жалғасады, ол Жайық-Каспий бассейнінде бекіре және басқа балық түрлерін сақтау бойынша шараларды күшейтуге бағытталған.

55770028 786791078370044 2251446028639141888 o
55696238 786787605037058 5814611611058438144 o

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз