АУЫЛҒА ЖЕТКЕН «АҚБҰЛАҚ»
Бұл бағыттағы тендерді жеңіп алған «Болат Д» ЖШС Құрманғазы ауданының Дәшін және Нұржау ауылдарында жұмыс атқаруда. Игілікті істің барысымен танысу мақсатында аталған ауылдарға ат басын тіредік. Сайдың тасындай тепсе темір үзетін жігіттерді қарбалас жұмыс үстінде кездестірдік. Өзін жұмыс бригадасының жетекшісімін деп таныстырған Бақытбек Бақышов аталмыш серіктестікте сегіз жылдан бері шебер қызметін атқарады. Ол өз ісіне әбден төселген. Бізбен әңгімелесе жүріп, қарамағындағы жұмысшыларға әр істі тиянақты атқаруға тапсырмалар да беріп жатты.
Белгілі болғандай, мұнда жұмыстар аяқтала келіпті. Нұржаудағы жұмыстар кідіріссіз, сапалы атқарылып жатқанына куә болдық.
Сөйтіп, Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Ақбұлақ» бағдарламасы ауданымызда кең қанат жайып, Нұржау, Дәшін ауылының тұрғындарына таза ауыз судың игілігін көретін күн де алыс емес.
Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
меншікті тілші,
Құрманғазы ауданы.