Атырауда татуласу орталығы ашылды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.40 2 Жаңалықтар

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атыраудағы Татуласу орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі елімізде дау-дамайлардың шешімін табуға ерекше көңіл бөлінетіндігін жеткізді. Бүгінде түрлі жанжалдарды сотқа жеткізбей шешудің балама жолдары қолданылуда. Бұл міндеттер Елбасының жолдауларында, Президенттің де тапсырмаларында айтылған.

-Бітімгерлік пен арағайындық халқымыздың қанында бар. Ата-бабаларымыз бітіспес дауды бір-ақ ауыз сөзбен шешкен. Келісім мен татулықты асыл мұраға айналдырған еліміз үшін бабалар құндылығын жандандыру аса маңызды. Соңғы жылдары ел ішіндегі дауларды азайту мақсатында сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жасалуда. Саладағы реформалардың арқасында дауларды сотқа жеткізбеудің жаңа тетіктері іске қосылды, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов 22 маусымда Мемлекет басшысының «Азаматтық іс жүргізу» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдайтынын атап өтті.

whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.38 1
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.38
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.40
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.41 2
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.39
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.40 1
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.41
whatsapp image 2020 06 19 at 15.16.41 1

Сот реформасын жүргізудің жалғасы, әрі біздің басты міндетіміз – татуластыру рәсімдерін қолдану болып табылады. 22 маусымнан бастап соттар арыздарды қабылдап, татуластыру судьясына жіберіледі. Тараптар татуластыру рәсімдері арқылы негізгі сот процесіне келмей-ақ, мәселесін шешу үшін 14 күн уақыт беріледі, – дейді Бауыржан Жұмағұлов.

Өңірде татуластыру орталығының пилоттық жұмысы былтыр басталған. Осы уақыт ішінде 2 257 іс қаралып, оның ішінде 840 іс сотқа дейін шешілген. Билер кеңесі ажырасуға қатысты 200-ден астам материалды қарап, олардың 200-ге жуығы татуластырылған. Бұл аталмыш орталық ұсынатын қызметтерге сұраныстың көптігін аңғартады.

Айта кетейік, бұл жоба – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында, халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, делдалдық және заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған. Орталықта азаматтарға медиаторлар, билер, адвокаттар, прокурорлар, психологтар, нотариустар және бизнес-омбудсмен өкілдері көмек көрсетеді. Тұрғындарға ыңғайлылық пен жайлылық тудыру үшін орталық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда келушілерге тиісті заң көмегі көрсетіліп, медиация рәсімдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпарат айтылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз