Жарнама
Жаңалықтар

Ауқымды өзгерістер: Мәжіліс Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына сүйенген резолюцияны қабылдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция (қарар) қабылданды.

Айта кетейік, палата отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі» атты баяндама жасады.

Бұл ретте ол еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдауды ұсынған еді.

— Мен жаңа ғана өз сөзімде еліміздің барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерін Мемлекет басшысының төңірегінде топтасуға және Әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдауды ұсындым. Бұл – Парламент Мәжілісінің резолюциясы… Бүгін мазмұнды әрі салиқалы жиын болды. Талқылау барысында елдегі ауқымды өзгерістердің барлық тұсы қамтылды деп ойлаймын. Сөз сөйлеген әр азамат өзінің құнды ұсыныстарын жариялады. Солардың барлығы мұқият зерделенеді. Мемлекет басшысы айқындап берген жолдан жаңылмауымыз қажет. Президент реформаларын іске асыру алдағы уақытта да баршамыздың басты міндетіміз болып қала береді, — деді Ерлан Қошанов.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, белгілі экономист Жақсыбек Күлекеев еліміздегі өзгерістер аясында орта бизнестің дамуына жағдай жасалып жатқанын айтты.

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев еліміздегі ғылым саласын дамытуға қатысты ұсынысын жариялады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button