Аудиттің анықтағаны аяқсыз қалмайды

800x600 09888 f0afb7ea b74e 4682 8f67 b554e5d14220 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нариман Тауышовтың айтуынша, биылғы 9 айда облыста барлығы 140-қа жуық мемлекеттік аудит нысанында 8 аудиторлық іс-шара өткізілген. Жалпы сомасы 59,4 млрд. теңгеге жуық қазына қаражатының игерілуіне қатысты тексеру жүргізіліп, 1,8 млрд. теңгенің ҚР заңнамасы ережелерін бұзушылық фактілері анықталды.

Тиімсіз жұмсалған қаржы

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің бір саласы – мақсатсыз немесе тиімсіз пайдаланылған қазына қаражатының сомасын анықтау, оның мемлекет пайдасына өндірілуіне ықпал ету болып табылады. Мемлекеттік аудит нысандарына жүргізілген тексерулердің нəтижесінде қалпына келтіруге немесе өтеуге жататын қаржылық бұзушылықтардан анықталған 471 млн. теңге қаражаттың төрттен біріне жуығы кері қайтарылған. Өтелмеген қаражат қалдығы (барлығы 355,9 млн. теңгеге жуықтайды) орындау мерзімі жетпегендердің есебіне кіреді.

– Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы əшкереленген бұзушылық деректерінің басым бөлігін бюджет кодексі нормаларының бұзылуынан орын алғандығын көрсетті. Аудиторлық тексерулердің барысында барлығы 52 тұлға жіберген кемшіліктері мен қателіктері үшін жауапкершілікке шақырылды. Соның ішінде, 33 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Сəйкесінше, əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру үшін тиісті уəкілетті органдарға 16 материал жолданды. Қабылданған шешім бойынша салынған айыппұл сомасы 9 млн. 230 мың теңгені құрады, – деді тексеру комиссиясының төрағасы Нариман Бақытұлы.

Құқық бұзған – қатаң жаза

Ө т к е н ж ы л ы Ж ы л ы о й ауданындағы жалпы орта білім беретін ұйымдар қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудит кезінде біраз кемшіліктің беті ашылды. Атап айтқанда, осындағы мемлекет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берген екі мектептің есепшісіне қатысты жинақталған аудиттік тексеру материалдарының негізінде тергеу департаментінің мамандары тергеу шараларын жүргізді. Сөйтіп, қылмыстық кодекстің т и і с т і б а б ы н д а к ө зд е л ге н қылмыстық құқықбұзушылық əрекеті үшін кінəлі деп танылды. Қорытындысында, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауапты тұлға саналатын бас есепші қызметін атқару құқығынан өмір бойы шеттетіліп, бірі 5, екіншісі 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Б и ы л е ң б е к а қ ы м е н іссапар шығындарын төлеудің д ұ р ы с т ы ғ ы н а ж ү р г і з і л г е н аудиторлық тексеру шаралары да осындай олқылықтарды анықтады. Мысалы, Махамбет ауд а н д ы қ б і л і м б ө л і м і н е қарасты Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің бас есепшісі мен есепшісі, яғни, екі лауазымды тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық ж а с а ғ а н д ы ғ ы д ə л е л д е н д і . Ақырында, осы жылдың 29 қ ы р к ү й е г і н д е ш ы қ қ а н с от үкімімен оларға да алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қоғамдық бақылаудың қауқары қандай?

Жыл басында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен тексеру комиссиясының арасында жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуына қоғамдық бақылау орнату мақсатында м е м о р а н д у м ж а с а қ т а л д ы . Мəміле талаптарына сай жүзеге а с ы р ы л ғ а н ж ұ м ы с т а р д ы ң нəтижесінде Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 15 материал жолданды. Кінəлі деп танылған лауазымды тұлғалар тиісінше əкімшілік жауапкершілікке т а р т ы л ы п , а й ы п п ұ л салынды.

Тексерулердің барысында бірқатар мемлекеттік жəне квазимемлекеттік мекемелерде салық кодексі талаптарының сақталмайтындығы белгілі болды. Осы тұрғыда жинақталған бір материал Индер аудандық м е м л е к е т т і к к і р і с т е р б а с қ а рм а с ы н а жол д а н ғ а н . Өкінішке қарай, мұнда да міндетті салықтық төлемдердің аударылуында салғыртыққа жол берген заңды тұлғаның жазасы айыппұл салумен шектеліпті.

Аудиттің анықтағаны аяқсыз қалмайды

Биыл жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысымен жинақталған алты материал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданып, күні бүгінде орындалу сатысына қойылыпты. Тарқатып айтқанда, осының ішінен бір материалға қатысты екі лауазымды тұлға кінəлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі заңды күшіне енген.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданған 3 материалдың екеуі салалық басшы құрылымдар тарапынан тиісті шарасын алу үшін облыстық білім басқармасына қайта жіберілген болып шықты. Қалған бір материал бойынша бекітілген шешімдер мен берілген ұйғарымдар қазіргі уақытта орындалуда. Түйіндей айтқанда, мемлекет басшысының өзі атап к ө р с е т к е н д е й , а т қ а р а т ы н міндет ауқымы айқындалып, құзыреттілік шеңбері ұлғайып, мəртебесі биіктеген сайын,тексеру комиссиясының да қызметінде жариялылыққа жол ашылып, оның тегеуріні талай жемқорды тезге салуға септігін тигізді.

Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз