Бүгін Атыраудағы мерекелік шыршалардың шамдары жағылады

screenshot 1 11 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда жаңа жыл қарсаңында бірнеше мерекелік іс-шаралар өтеді. Бүгін 20 желтоқсан күі сағат 18:00-де қаланың мөлтек аудандарында орналасқан мерекелік шыршалардың шамы жағылмақ.

-Тұрғындарға, кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қала аумағында әр түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтсам, бүгін қаладағы барлық шыршалар мен безендірулердің шамдары жағылады. Сондай-ақ желтоқсан айының 24, 25, 31 және 1-қаңтар күні Сарайшық коммуналдық базарында ауыл шаруашылық өнімдерін сататын жәрмеңке ұйымдастырылады. 24-29 желтоқсан аралығында М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған ертеңгіліктер өтеді. Сонымен қатар дәл осындай ертеңгіліктер желтоқсан айының 26-30 аралығында Атырау қаласына қарасты 7 ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде де өтетінін хабарлаймын. Жаңа жылдың, яғни 2023 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында баларға арналған ертеңгілік өз жалғасын табады, – деді Н.Ермұханов.

Сондай-ақ қала әкімі орынбасарының айтуынша, 31-желтоқсан күні С.Бейбарыс алаңында қала халқы мен қонақтары үшін Атырау қаласының өнерлі жастарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара соңы мерекелік от шашумен аяқталмақ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз