Ауданның өркендеуіне бар үлесімді қосамын
Биыл Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін, мен Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына №12 бір мандаттық сайлау округі бойынша кандидат ретінде тіркелдім. Биылғы сайлаудың ерекшелігі аудандық, қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттары бір мандаттықпен, ал облыстық мәслихат депутаттары 50 пайыз бір мандаттықпен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланды. Бұрын сайлаушылар жеке депутатты емес, партияны сайлаған болатын.
Сайланған депутаттардың белгіленген нақты округтері болмауына байланысты, көптеген түсінбеушіліктер орын алды, бірқатар өзекті мәселер назардан тыс қалды. Бұл оң өзгерістерді жақсы қабылдағанын кездесу барысында ауыл тұрғындарының сөзінен анық сезіндік.
Жалпы 2023 жылдың 18 ақпанда басталып 17 наурызда аяқталған сайлауалды үгіт-насихаты кезінде сайлаушылармен кездесулер, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир, экспром кездесу, одан басқа үгіт – насихат материалдарын тарату, есіктен-есікке акциясы, қоғамдық қабылдау, сайлаушыларға телефон шалу сияқты жұмыстар ұйымдастырылды. Кездесу барысында 67 сайлаушылардың ұсыныс тілектері қабылданды.
Айтылған аманаттардың ішінде шешуді қажет ететін өзекті мәселелер көп, ауданда да шешімін күткен мәселелер де жетерлік. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған түрлі мәселелердің шешімін табуды, өзінің аманатын айтатын өз депутаттарын іздейтіні ақиқат. Бұл – заңдылық. Себебі депутат халықтың аманатын арқалаған, тұрғындардың тағдырына бей-жай қарамайтын халық таңдаған тұлға. Әрине, ел аманатын арқалау оңай емес. Соған қарамастан шешім қабылдап, маған сенім білдірген тұрғындардың талабына жауапкершілікпен қарауға дайынмын.
Құрманғазы ауданы –төрт түлік малын өргізген, берекесі мен бақ-дәулеті тасыған, дарындарды дүниеге әкелген қасиетті өлке. Туған өлкемнің дамуына үлес қосып, сайлауалды бағдарламамның негізгі басты бағыттары ретінде қарастырған өңірдегі өзекті мәселелердің оң шешімін табуға жұмыстанатынымды сендіремін.
Құрметті Сайлаушылар, аудан тұрғындары,тілеулестерім!
Сіздердің қолдауларыңызға шексіз ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта ауданымыздың одан әрі өркендеуіне бүгінгі күнге дейін жинақтаған іс-тәжірибемді, білімім мен іскерлік қарым-қабілетімді аямай жұмсап және сенімдеріңізді ақтау үшін еңбек ететін боламын.