img 20200204 wa0028

Жомарт жүректі жан Атырауда тұрады (+ФОТО)

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Биыл мерейтойы атап өтіліп жатқан Абай хакімнің айтуында, адамның жүректен аяулы жері жоқ. Айрықша бөліп айтқан адамдық үш қасиеттің бірі де – жылы жүрек.

«Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» дейді ұлы ойшыл. Ал, ғақлия қара сөздерінің соңын: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет, сезім» деп тұжырымдайды.

Осындай жомарт жүректі жан, жергілікті кәсіпкер Талғат Бикеновке Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының мүшелері мен олардың ата-аналары дән риза. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, ол Көкарнаның тұрғыны, бірінші топ мүгедегі Сапарбай Өмірзақовтың ем-домына және оның қызына Атырау медицина колледжінде оқуына көмектесті. Бұл қатарда Алматыдағы клиникада емделуге мүмкіндік алған Геолог тұрғыны Айгерім Дүйсенова мен Жұлдыз ықшамауданының тұрғыны Күнсұлу Сарман да бар.  

Мұның сыртында, Жаңа жыл, халықаралық балалар күні, Құрбан айт секілді мерекелер қарсаңында қаржылай қолдау көрсетіп отырған Талғат Сахибеденұлы – көпке үлгі. Ендеше, арамызда адамгершіліктің алажібінен аттамай, жабырқау жандардан көмегін аямаған, алақанда аялаған осындай азаматтар көп болса екен.

Әмина НЫСАНҒАЛИЕВА,

Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының төрайымы

img 20200204 wa0026
img 20200204 wa0027
img 20200204 wa0029
img 20200204 wa0030

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған