Жаңалықтар

Атыраулықтарды қала күнімен шаһар басшысының орынбасары Нұржан Ермұханов құттықтады

Орталық алаңда өтіп жатқан салтанатты іс-шараның ресми бөлімі қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың құттықтауынан басталды.

-Әр отбасының, әр азаматтың сүйікті қаламызға құрметін, ыстық ықыласын қалыптастыру үшін жыл сайын дәстүрлі түрде өзіміздің сүйікті қаламыздың туған күнін күз айларында мерекелеп келеміз. Облыс орталығының жылдан-жылға көркейіп, дамып келе жатқанына бәріміз куәміз. Осы шаһарымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсету — парызымыз. Баршаңызды сүйікті айтулы мерекемен қала әкімі Шәкір Кейкіннің атынан құттықтаймын!
Биыл басқа жылдарға қарағанда күрделі басталғанын жақсы білеміз. Жыл басында қар мөлшерден көп жауса, одан кейін Жайық суы мөлшерден көбеюіне байланысты қорғаныс бөгеттерін салуға Атырау халқы ауызбіршілігін көрсетті. Бүгінде қалада әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілуде. Бәріңізге мереке құтты болсын! — деді Нұржан Ермұханов.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button