AdBdiUKevM

Атырауда мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатыр

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Атырауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің алғаш бекітілгеніне 25 жыл толуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Орталық алаңда өткен салтанатты шарада облысқа белгілі әншілер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

-AdBdiUKevM

Алаңға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп, аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Fus9uTO4KoY

«Елбасы белгілеп берген межелерге жетуде көк тудың астына бір кісідей бірігіп мемлекеттің даму бағытын қамтамасыз ету – баршамыздың парызымыз. Бұл ортақ мақсаттарға жетуіміздің негізі – елдегі тыныштық, қоғамдық келісім . Олай болса, көк туымыз әрқашан бейбіт аспанда желбіреп, әнұранымыз жүректерге жігер беріп, елтаңбамыз елдігімізді айғақтап халқымыздың мәртебесі өсе берсін!», – деді ол.

6CH0ykASKtw

Айта кетелік, 1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш бекітілді. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
xGSmFB_XMq8

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған