Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар ұлдарының есімін Тасқын-би мен Тасқынбек қойды

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай кезінде өңірде 1846 сәби дүниеге келген. Оның 961-і ұл, 885-і қыз бала.
Атыраулық сәбилерге қойылған есімдерді білмек болып сала мамандарына хабарласқан едік.

–Атырау қаласының бір отбасы 29 сәуірде дүниеге келген тұңғыш ұлының есімін Тасқын-би қойса, осы күні Индер аудандык АХАТ бөлімінде де Тасқынбек есімді ұл баланың есімі тіркелген. Бұл – олардың отбасындағы сегізінші баласы,- деді облыстық азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова.

Соңғы статистикалық мәліметке сүйенсек, Атырау қаласында ер балаларға көп қойылған есім – Мұхаммад. Бұл есіммен 32 ұл баланы атаған. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Айша. Айша есімін иеленген 33 атыраулық қыз бар. Одан кейін қыз балаларға Медина есімі – 31, Асылым – 29, Сафия – 27, ұлдарға Хамза – 19, Айсұлтан есімі 15 рет қойылған.

Нұргүл НАСЫР

Сурет: Zakon.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button