ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯ

Атыраулықтар «Қазақстанның Еңбек Ері» Илья Жақановты құрметпен қарсы алды (+ВИДЕО, ФОТО)

https://youtu.be/YwercFXQ5bY

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда төрінде көрнекті композитор, жазушы, өнертанушы Илья Жақановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов жоғары дәрежелі марапат иесін әуежайдан құрметпен қарсы алды.

–Көктемнің шуақты күнінде Елордада Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырды. Иә, қазақтың небір жайсаңдары құрметке лайықты деп танылды. Қазақ медицинасының корифейі Төрегелді Шарманов ақсақал екеуміз «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағына ие болдық. Ұлт руханиятына қосқан үлесімді бағалаған бұл марапат Қазақстан халқының мерейін өсірді.  Өйткені, өнердегі майталмандар халықтың ықыласына бөленгенде ғана ұлт мақтанышына айналады, – деген Илья Жақанов атыраулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

img 20220319 wa0030
img 20220319 wa0031
img 20220319 wa0032
img 20220319 wa0038
img 20220319 wa0035
img 20220319 wa0025
img 20220319 wa0027

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button