ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық жүргізушіден 100 келіге жуық бекіре табылды
Атырау облысында 100 келіге жуық бекірені заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды.
Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау-Астрахан тас жолы бойында тексеру жүргізіп, 43 жастағы ер адамның Datsun автокөлігінен жүк салғышқа салынған 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын анықтап, тәркіледі.
– Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 43 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Амандық АБДОЛ