Жаңа жылда неше күн демаламыз?

20180720082542 Жаңалықтар

Қазақстандықтардың Жаңа жыл мен Рождествода қанша күн демалатыны белгілі болды. Биыл жаңажылдық ресми демалыс күндері – 1 және 2 қаңтар. 2 қаңтар сенбіге түсетіндіктен, демалыс 4-не, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3 қаңтарда демалады. 31 желтоқсан – ресми жұмыс күні. Ол күні демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екені айтылады. Жаңажылдық демалыстардан кейінгі келесі демалыс бейсенбі, 7 қаңтарға түседі. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.

Egemen.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз