Атыраулық жастар акция арқылы Туға қолдау көрсетті (+ВИДЕО)

image 2020 10 25 222557 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласында жергілікті жастар Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын Туға деген ыстық ықыластарын арнайы акция арқылы жеткізді.  

https://youtu.be/sXfkOa_5VTM

Жастардың бұл бастамасына жергілікті әкімдік қолдау білдірді. Атап айтқанда, көк Туды жоғары көтеріп, автокөліктермен қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. 

Осылайша, олар егемен елмен бірге жасасып келе жатқан ұлттық рәміздердің халық жүрегінен ойып орын алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.  Өйткені, ақындар жырға қосқандай, «көк Тудың желібрегені — қазақтың асқақ беделі» және солай болып қала бермек. 

Манарбек МАЙШАГИРОВ

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз