Атырау: қамыстың қайта жануы департаменттің дәрменсіздігі ме?

whatsapp image 2020 08 26 at 12.36.42 Жаңалықтар

atr.kz/11 қыркүйек, 2020 жылСоңғы жылдары Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жануы жиілеп кетті. Соның салдарынан көкжиекте бұлт болып тұратын қара түтіннің иісі кешқұрым атыраулықтардың мазасын алады.

Шынында, көпті алаңдатқан жағымсыз жайттың жиі орын алуына не себеп? Бұл «тілсіз жаудың» дер кезінде ауыздықталмауы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дәрменсіздігін көрсете ме? Проблеманың алдын алудың жолдары қандай? Біз осы сауалдарға жауап іздедік.

Облыстық  төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Омар Бержановтың айтуынша, 1 қыркүйекте сағат 20.15-

те Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округі тұсынан қою түтін байқалған. «112» бірыңғай байланыс желісіне қоңырау шалушылар да болыпты. Оқиға орнына аталған департаменттің өрт сөндіретін жедел кезекшілері барлау жұмыстарын жүргізген. Нəтижесінде, Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауында қамыстың жанып жатқаны анықталды. Бұл телім теңіз жағалауы болғандықтан батпақты аумақ. Сондықтан, департамент қосымша құралдарын жібере алмаған. Ал, келесі күні өрт шарпыған телімдерге «Eurocopter 145 UPEC033» тікұшағы арқылы əуеден барлау жұмыстары жүргізілді.

Барлау кезінде Каспий теңізінің жағалауы мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ш е к а р а с ы н д а ғ ы « В е с т а » учаскесінде түтін шығып жатқаны белгілі болды. Жану аумағы шамамен 40 гектар деп белгіленді. Желдің бағытына қарай түтін теңіз жаққа кетіп жатты. Сол аумақтағы жан-жануарлар мен жергілікті тұрғындарға қауіп төнбес үшін жағдайды сала мамандары тұрақты бақылауда ұстап отырған.

– Келесі күні төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Кеңөзек ауылдық округінен ерікті өрт сөндіру жасағы жəне «Атырау облысының Су арнасы» кəсіпорны бірігіп, қызыл жалынмен арпалысты. Бұл кезеңде шамамен 170 гектарды құрайтын өрт аумағы оқшауланды. Əрі қарай да бұл жұмыстар үздіксіз жалғасып, бірнеше техника жұмылдырылды, – деді О.Бержанов. Су тапшылығы – басты мәселе Өртті ауыздықтауда орын алған басты мəселе – судың тапшылығы.

Сөндірушілер алғашқы күндері жұмылдырылды. Департамент басшысы бізбен əңгімесінде қамыстың қалың, əрі 2,5-3 метрдей биік болуына байланысты жұмыс барысында біраз қиындықтардың болғанын жасырмады. «Кешке қарай желдің ұйытқуы күшейді. Əрі кеш қарайған соң, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұл күнгі өрт сөндіру жұмыстары тоқтатылды. Командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнату мақсатында өрт аумағында сол күні департаменттің дағдарыс орталығы құрған арнайы штабтың көмегімен 5 қыркүйекте гарнизонның жеке құрамының қызметі күшейтілген режимге көшірілді.

img 6630

14 автокөлік, 1 «МП-70», 2 «МП-100» мотопомпасы мен 50 қызметкер өрт сөндіруге жұмылдырылды. «Eurocopter 145 UP-EC033» тікұшағымен тағы да əуеден барлау жүргізілді» – деді Омар Құмарұлы. «МИ-171»: Шымкенттен – Атырауға О б л ы с т а ғ ы қ ұ з ы р л ы құрылымдардың қауқары жетпеген соң 5 қыркүйекте көрші облыстардан қосымша құрылымдар шақыруға мəжбүр болған.

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның Шымкент қаласынан ұшып шыққан «МИ-171» тікұшағы Қызылорда, Ақтөбе арқылы Атырауға келді. 18 сағат 42 минутта «ВСУ-3» су төгу құрылғысымен өртті өшіруге кіріскен тікұшақ Перетаска өзегі мен Жайық өзенінен су сорып алып, лапылдаған жалынға он рет – «МИ-171» тікұшағы желдің бағыты мен жылдамдығының өзгеруіне байланысты пайдалануға беріледі. Желдің жылдамдығы секундына 15 метрден асса, аталған тікұшақты əуеде ұшыруға болмайды. Өйткені, бұл жағдайда «ВСУ-3»-ті қолдануға рұқсат жоқ. Сондықтан, келесі күні желдің күшейіп кетуіне байланысты тікұшақ экипажы əуедегі сөндіру жұмыстарын жүргізе алмайтынын айтты…

Бержановтың бар жауабы осы болды. Ал, шымкенттік тікұшақ 280 гектардан аса аумаққа 30 тонна су шашумен шектелген. Бірақ өрт сөнген жоқ еді.

Сұхбаттасушымыздың айтуынша, қыркүйектің 6-сында бұл іске күш құрылымдары көбірек тартылған. Сағат 08.13-те 63 қызметкер, 14 бірлік техника, «Ақжайық» табиғи резерватынан 15 жұмысшы, үш «УАЗ» автокөлігі, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 1 жүргізуші, 1 «К-700» жер жыртқышы, «Қазавиақұтқару» компаниясының «МИ-171» тікұшағы «ВСУ-3» су төгу құрылғысымен 3 борт экипажы жəне 2 техник өрт ошағына жұмылдырылып, ауданы шамамен қосымша шығын жұмсалыпты. Өзгеден сұралған көмек Қыркүйектің үші мен алтысы аралығында өшірілген өрттің жалпы ауданы 284 гектар болған.

Жалын толық өшсе де, 7 қыркүйек күні сағат 11.09-да «МИ-171» тікұшағы арқылы əуеден барлау жұмыстары тағы да жүргізілген. Соның арқасында басқа тұстан жаңа екі өрт ошағы байқалды. Оған 30 қызметкер мен 5 техника жұмылып, түстен кейін шамамен ауданы 12 гектар болатын қамыстағы өрт сөндірілді. Қазір аталған аумақта күнделікті мониторинг жұмыстары жүріп жатыр.

Сала мамандарының айтуынша, өрт болған аумаққа баратын жолдың жоқтығы, жану аймағының сулы-батпақты болуы, су көздерінің алыста орналасуы өртті сөндіруге қиындық туғызған. Мұндай жағдайға сақадай сай болуы тиіс жергілікті құзырлы органның материалдықтехникалық базасының жеткіліксіз екенін де жасыруға болмайды.

– « Қ а з а в и а қ ұ т қ а р у » компаниясының тікұшақтары əрбір облыста бар. Атырау өңіріне «Eurocopter 145» шағын тікұшағы бекітілген. Біз оны санитарлық авиацияға қолданып отырмыз. Оның əуеден су шашуға арналған құрылғысы жоқ болғандықтан, өртті сөндіруге қатыса алмайды. Ал, біздің облысқа тиесілі «МИ8» тікұшағы қазір республиканың басқа аумақтарында кезекшілікте тұр. Сондай-ақ, тікұшақтар əуедегі белгіленген ұшу сағатынан кейін жоспарлы түрде жөндеуге қойылады. Талап – солай. Ал, біздің департаментке қарасты тікұшақ Ақтөбе арқылы Алматы қаласына жеткізіліп, 8 тамыздан бастап

Содан бері аңшылар «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы қамыс арасынан аң аулап жүр. Оның үстіне дəл сол күні басқа телімде тағы 20 гектар жер өртенген. Ал, теңіз жағасында өрттің жыл сайын тұтануына не себеп? Мəселенің мəнісін қазір төтенше орган өкілдері зерделеп жатқан көрінеді. – Негізінен, теңіз жағасында өрттің жиі шығуына жергілікті халық кінəлі. Өйткені, сол аумақтан шаруа қожалықтары шөп шабады. Аңшылар от жағып, оны сөндірмей кетеді.

Тіпті, жерге тастай салған темекі тұқылынан немесе сіріңке жағудан, құрғақ шөпті өртеу себептерінен айтып келмейтін апат орын алады. Оны нақты анықтау үшін бұған дейінгі жиналған материалдарды қарап жатырмыз. Заң талабына сəйкес, құжат облыстық полиция департаментіне немесе Атырау қалалық полиция басқармасына жолданады. Əрі қарай сала мамандары мəселені анықтау жұмыстарын жүргізеді, – деген департамент басшысы жыл сайын тұтана беретін өрттің себебі құзырлы органдардың зерделеуінен кейін ғана нақты анықталатынын айтты. Ал, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі «МИ-8» тікұшағы жөндеуден кейін міндетті түрде Атырауға қайтарылады. Қуаныштысы, биыл «Қазавиақұтқару» компаниясынан бөлінген бірнеше жаңа тікұшақтың біреуі Атырауға берілетін болыпты. Батпақты жермен тек арнаулы көліктер ғана жүре алады. Мұндай техникаларды алып беру үшін жергілікті əкімдікке сұраныс жолданған. Алайда, қазір қалыптасқан ахуалға орай департаменттің бұл сұранысы əзірге орындала қоймапты.

img 1139

P.S. Қалай десек те, өрт – «тілсіз жау». Сондықтан, оны алдын-ала болжап біле алмайсыз. Әсіресе, даладағы өртке жеңіл-желпі қараған жөн емес. Егер дер кезінде жалынның беті қайтпаса, маңайдағы елді мекендерге қауіп төндіріп, зор материалдық шығын әкелері анық. зірге желдің бағыты теңіз жақта. Күн райы құбылып, оның бағыты өзгерер болса, теңіздегі бықсыған қара түтіннен тағы да қала іші қапырық болары сөзсіз.

Сондықтан, өрттің алдын алу мақсатында Атырау қалалық әкімдігі нақты жоспар жасауға шешім қабылдапты. Дұрыс болар, тек төтенше жағдайға төтеп берер техниканың тегеуріні мықты болғаны ләзім. Сосын тиісті құрылымдардағы негізгі құрам әскердегі сарбаздай сақадай сай тұрса, сан соғатын тұстарымыз аз болар еді-ау, шіркін!

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз