Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық жастар «Эко-демалыс» ұйымдастырды

Жуырда «Жасұлан»  бірыңғай балалармен мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары жәнетұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірлесіп, «Қоршаған ортаны қорғау» жобасын қолға алды. Алғашқы жұмыс 18-35 жастағы жастар арасында «Эко-демалыс» дала  тазалығын ұйымдастырудан басталды.

Аудандық жастар ресурстық орталығы және білім бөлімінің бірлесуімен кәсіптік техникалық колледж студенттері, кенттегі орта мектептердің жас педагогтарынан құралған топтар қоқыс полигоны аумағында «плоггинг» әдісімен тазалық жұмыстарын жүргізді.  

4b82fad6 1ba2 4b1e b636 c5f12e4685cd

Барлығы 70-тен астам адам жұмылып,  бір тоннадан астам қоқыс жинады. Әр топтың жинаған қоқыс қалдығының салмағы өлшеніп, ең көп үлес қосқан топтар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Бірінші орынды Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі жеңіп алса, аудандық аурухана ұжымы екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұжымы иеленді.

afd19cf9 ad25 42b1 b8bb 6cc60dcb1171

Ауа райының ызғарлы, қарлы күніне қарамастан, табиғатқа жанашырлық танытқан қатысушыларға«Сәке sushi» дәмханасының сертификаттары табыс етілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button